Қаз   Рус

Шахтерлер жер бетіне шықты

61 қаралды
0
Ратель
Пятница, 15 Дек 2017, 09:00

Ереуілдеткен "Шахтинск", "Ленин атындағы" және "Тентек" шахтасындағы барлық кеншілер жер астынан шыққан

Түнгі сағат 1.00 бірнеше күн бойы жер астында болған ереуілші шахтерлер кенжардан шықты, деп хабарлайды "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

"Бүгін түнде, 15 желтоқсанда, "Шахтинск", "Ленин атындағы" және "Тентек" шахталарындағы барлық шахтер жер бетіне шықты. Қазір "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер шығарылып жатыр", — делінген компания хабарламасында.

Оқи отырыңыз
«АрселорМиттал Теміртау» ереуілдеген шахтерлерді сотқа берді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ төрт шахтасының жұмысшылары 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойғаны белгілі.

Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.

14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтатып, шахтерлерді жер астынан шығуға міндеттеді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ерлан ҚОШАНОВПЕН  және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим БАСИНМЕН кездесуден соң бірінші болып жер бетіне Қазақстан шахтасының кеншілері шыға бастаған.

"Сонан соң ізінше Шахтинск, Тентек және Ленин атындағы шахталардағы жұмыскерлер көтерілді. 01.00-ге қарай барлық кеншілер (420 адамға жуық) жоғарыда болды. Кеншілерге жұмыс берушілер ұсынған шарттар туралы айтылды: барлық жер асты қызметкерлеріне 30%-ға жалақыны көтеру. Жер бетінде жұмыс істейтін көмір кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көбейту мөлшерін алдағы келіссөздер барысында Келісу комиссиясы анықтайтын болады. Компанияның көмір департаментінің барлық жұмыскерлеріне еңбекақы көлемінде бір реттік сыйақы төленетін болады. Оған қоса, жұмыс берушілермен 15-ші желтоқсанды демалыс күні деп жариялап, жұмысқа 16-шы желтоқсаннан бастап кірісу туралы ұсыныс жасалды".

Оқи отырыңыз
«Ешбір кенші жазаланбайтын болады»

Кеншілер арасында Шахтинск қаласы прокурорының қолы қойылған хат таратылды. Хатта осы ереуілге қатысқаны үшін кеншілерді қылмыстық қудалаудан босату кепілдігі берілген. Сонымен қатар, прокуратура органы қажет болған жағдайда осы мәселеге қатысты құқықтық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. Құрамына ынталы топ мүшелері, кәсіподақ комитеттері, прокуратура өкілдері, шахталардың директорлары, сондай-ақ облыс және АМТ басшылығы енген Келісу комиссиясы шеңберінде кеншілер жұмыс берушімен әлі де келіссіөздерді жалғастырады.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.