Қаз   Рус

Шүкеев жүрген жерде шөп шыға ма?

1510 қаралды
0
Марат АСИПОВ
Пятница, 19 Янв 2018, 14:30

Қазақстанның кредитті рейтингі неге төменгі сатыда тұр

Молдовалық кәсіпкер Анатолий СТАТИДЫҢ шағымы бойынша Ұлттық қордағы активтер бұғатталғанда инвесторлармен болған қарым-қатынастағы романтикалық кезең аяқталды. Біздің Статиді барынша зұлым етіп көрсетуіміз өзіміз үшін керек. Ал Еуропада керісінше. Қазақстандағы құбылмалы  инвестициялық климатынан зардап шеккен кәсіпкерге барынша қолдау көрсетіліп жатыр.

Мәселе бұғатталған 38 миллиард долларда емес. «Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы Қашаған мұнай кең орны акцияларын сатуда да проблемалар туындап отыр.

Өзге елдерде неге бізге деген сенім жоқ? Бұл сұрақты риторикалық сауалға жатқызуға болады. Өйткені біз ол үшін көп «еңбек» еттік.

Бір жағынан мәселе біздің абыройымызда.

Бүгінгі заманда кредиттік рейтинг деген ұғым бар. Жапонияның кредиттік рейтингі А+. Яғни олардың банкирлері, корпорация басшылары мен жеке кәсіпкерлерінің сөзіне деген сенім жоғары. Өзге елдердегі әріптестерімен салыстырғанда. Жапондықтардың алған міндеттемені орындау сапасы орта деңгейден жоғары. Оларға бек сенуге болады.

Қазақстанның рейтингі «ВВВ-». Яғни Қазақстан өз алған міндетін орындай бермейді. Оған сенім аз. «ВВВ-» дегеніміз міндеттемені орындау сапасының деңгейі ортадан төмен екендігін көрсетеді.

«ВВВ-» - бұл ең төменгі саты. Бұған кәсіби деңгейіміздің төмендігі себеп. Мойнымызға алған міндеттемелерімізді қоқысқа лақтыра салған көптеген мысалдар бар.

«2012 жылдың маусым айында Қазақстан мен Оңтүстік Корея Балқаш ЖЭС құрысына қатысты келісім-шартақа отырды. «Бүгін Астанада  «Балқаш ЖЭС» АҚ мен Samsung Engineering Company Limited компаниясы арасында келісім шартқа қол қойылды. Қуаттылығы 1320 МВт Балқаш жылу (көмір) электр станциясын салуға»,- деп хабарланған болатын. Қол қою рәсімінде Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Пэк ЧУХЕН де қатысқан. Ол бұл жобаның тікелей елбасының тапсырмасымен жүзеге асуда екендігін атап өтті», - деп сол кезде Tengrinews.kz сайты жазған еді.

Оқи отырыңыз
Құл-Мұхаммедтің миллиондары

Сол кезде станция 2017 жылдың 4-ші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.

"Миллиардтаған қаржы жұмсалған бұл жоба аса маңызды нысан. Өнеркәсіп орындары салынбаса Қазақстанның индустриалды дамуы мүмкін емес. Біз үнемі оңтүстікте электроэнергиясына деген тапшылықты сезініп келдік. Әсіресе қыс кезінде. Осы нысан аяқталғанда біз бұл проблемаларды ұмытамыз. Алматы облысының дамуына серпін беріп, көптеген адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл өте маңызды стратегиялық жоба», - деп сол кезде мәлімдеген Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Алайда, жоба жүзеге аспады.

2017 жылы 10-шы тамызда Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан ЖАҚСАЛИЕВ: «Бүгін жоба (Балқаш ЖЭС құрлысы - – КазТАГ) құйылған ақшаны қайтару мәселесінде бір шешімге келмегендіктен тоқтатылды. Сондықтан да жоба құрлысы екі ұдай жағдайда. Бұған қатысты нақты шешім қабылданбады», - деген еді баспасөз мәслихатында.

Сол арада оңтүстік кореялық топ-менеджерлер «Балқаш ЖЭС» АҚ-ның директорлар кеңесінен 2017 жылдың мамыр айында кетіп қалған.

2012 жылы 14 ақпанда «Самұрық-Қазына» мен Samsung C&T «Балқаш ЖЭС» АҚ-ның акциясына қатысты опционды келісім жасасады. Яғни Samsung C&T«БТЭС АҚ-ның акциясын 192 млн. долларға сату құқығына ие болады.

Келісімге қол қойылғасын аңғал инвесторлар «Самұрық-Қазына» қоры, Энергетика министрлігі мен Қазақстан үкіметінен оның орындалуын күтті.

Құжаттарды реттеуге, келісуге бес жылдарын жоғалтқан инвесторлар өз елдеріне кетуге мәжбүр болған. Қазақстан мен Оңтүстік Корея президентерінің телекөпірі кезінде бастау алған жобаның неге орта жолда қалғанын ешкім түсіндіріп бере алмады. Оның орнына вице-министр Жақсалиев Қазақ үкіметі өз міндеттемесін орындағанын айтқандай болды.

Менің пайымымша, біздің талантты топ- менеджерлеріміз кореялық инвесторларды отанымыздың мүдесі үшін әуре-сарсаңға салған-ау. Алайда, олар бір нәрсені түсінбей кетті.  Әрине, ауыл әкімдерінің деңгейінде жұмыс жасайтын инвесторлар бәрін де түсінеді. Және ұзақ қағаз бастылықтың болмайтынын біледі. Алайда, либералды тәрбие алған кореялықтар  бес жылда өздерінен не қажет еткендерін және мемлекет басшылары деңгейінде шешіліп қойған жобаның тоқтап қалғанын түсінбей кетті-ау. 

Бес жыл бойы кореялықтар акцияны сату құқығына ие болу үшін апционды ала алмады. Қазақстан үкіметі келіспейтіндей тиімсіз басқа ұсыныстар жасаған жоқ, Барлығы да келісм шарт негізінде еді. Тіпті бізде апционмен жұмыс жасауда тәжірбие  бар.

2007 жылы қазан айында «Қазатомпром» Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc. және Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Inc. 10 пайыз акциясын 540 миллион долларға алған-ды.

Рискіні азайту үшін «Қазатомпром»  опционды келісім жасасқан. Осыған сәйкес қазақстандаық компания өзіне тиесілі акцияларды  Toshiba Corporation –ға  522 миллион  долларға сату құқығына ие болды.

Оқи отырыңыз
Теңге қалай күшейді

2017 жылы наурыз айында Toshiba атом энергетика саласындағы зазалды бизнестен шығатынын растап, банкрот жариялауға құжатын өткізді.

2017 жылы желтоқсан айында  «Қазатомпром» Toshiba компаниясынан өз акциялары үшін 522 млн доллар көлемінде ақша алды. Қазақстандық компания тек өзінің инвестициясын қайтарып қана қойған жоқ. 635 млн доллар көлемінде пайда да тапты. Осы екі мысал жапондықтарда неге кредитты рейтинг  «А+», ал қазақтарда  -  «ВВВ-» екенін көрсетеді. Жапондықтар өз міндеттемелерін орындайды. Бар - жоғы осы ғана.

Айтпақшы, Toshiba компаниясымен келісімді жасаған қылмыскер атанып ұзақ уақыт түрмеге тоғытылған Мұхтар ЖӘКІШЕВ. Ал Балқаш ЖЭС жобасы «Самұрық-Қазынаны» Өмірзақ  ШҮКЕЕВ басқарғанда қолға алынған.Сондай-ақ, оның кезінде Samsung корпорациясымен де келісіп жасалып, іс орта жолда қалған-ды. Шүкеевтың іскерлігіне тек қызғанудан басқа шара жоқ.

Анатоло Статиға қатысты оқиға болған кезде Молдова президенті Владимир ВОРОНИННЫҢ шағымы бойынша молдовалық инвестордың кәсіпорнын тексеру Шүкеевке де жүктелген. Шүкеев тексерісті өте тыңғылықты жүргізгені сол Ұлттық қордағы 38 миллиард доллар АҚШ, Швеция, Голландияның санкциясына тап болды.

Халықаралық агенттіктердің рейтингті үкімет мүшелеріне емес, мемлекетімізге жариялайтыны өкінішті. Біздің мемлекетіміз жаман емес қой. Тек топ-менеджерлер болмаса.

Загрузка...
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Социализм – муэрте
- Автор прав! Казахстану, также как Беларуси и Украине, нужна реформа судебной и избирательной системы. Судьи должны избираться, как в западных странах, а на назначаться лидером исполнительной ветви власти. Еще 250 лет назад Шарль Луи Монтескьё писал в книге "Дух законов", что судебная ветвь власти должна быть независимой от исполнительной ветви власти, чтобы судьи судили по закону, а не по указанию чиновников - которые могут уволить судью...
Пенсионный калькулятор: сколько денег вы сможете забрать из ЕНПФ
- Почему так не справедливо!! Кто нуждается он не получить накопительный, Хотя маленький часть, Я САМА ЛИчно нуждаюсь, надеялась получу, кредит заплачу!!Потребительский кредит брала, на квартиру купить, а теперь из за карантина еле как живем и платим, залезли еще в долг!! У кого Большие зарплата и так не нуждается!!
Пенсионный калькулятор: сколько денег вы сможете забрать из ЕНПФ
- Какую сумму я могу получить? От редакции: https://ratel.kz/raw/pensionnyj_kalkuljator_skolko_deneg_vy_smozhete_zabrat_iz_enpf
Пенсионный калькулятор: сколько денег вы сможете забрать из ЕНПФ
- Қанша акша алуға болады От редакции:БЖЗҚ-дағы өз жинағыңызды қалай тексеруге және оның қанша бөлігін алуға болады. Сiлтеме - https://ratel.kz/raw/bzhz_day_z_zhinayyzdy_alaj_tekseruge_zhne_ony_ansha_bligin_alua_bolady
Неэффективные приоритеты чиновников
- Я не против спорта, но пусть спортсмены живут за свой счёт. Пусть собирают огромные стадионы зрителей как "Барселона", "Реал", "Челси" и сами зарабатывают себе на жизнь. Почему они в нашей стране должны жить за счёт пенсионеров, учителей, врачей.
В Минэкологии РК составили карту загрязнения городов Казахстана
- В Павлодаре низкий уровень загрязнения??? Тот, кто эту карту составлял, хоть раз там был?