Қаз   Рус

Дос Көшім: Келесі жылы қазақ мәселесі күшейеді

1227 қаралды
0
Назира ДАРИМБЕТ
Пятница, 29 Дек 2017, 13:00

Саясаттанушының айтуынша, енді қоғамның өзінің көтерілетін кезеңі келе жатыр

Халық арасынан жеке азаматтар шығып, белсенділік танытқаны бір жағынан қуанышты, бір жағынан өте қауіпті, дейді «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос КӨШІМ. Белгілі қоғам қайраткері 2017 жылды қорытындылап, жетістік пен олқылықтарын тізіп шықты. Сондай- ақ, басты оқиғаларды атап, келер жылға  болжам да жасап көрді.

Оқи отырыңыз
Тасмағамбетов - Ресейде, Тәжін - Ақордада

Дос мырза, 2017 жыл несімен есте қалады?

- Биылғы жыл жаңа әліпбимен есте қалды. Алайда билік әріптердің қандай болуын өздері шешкендігі ақымақтық болды. Қысқасы, шектен шыққандық пен өзіміз білеміз деген «сенімділіктің» куәсі болдық. Латын графикасына көшуді қолдайтын адамның біреуі менмін. Бірақ, соны іске асыру технологиясы адамның жағасын ұстататын деңгейге жеткізді. Қалай десек те, жаңа әліпбиге көшу туралы саяси шешімнің қабылдануы осы жылдың үлкен оқиғасы. Латынға көшу мәселесінде қоғам мен биліктің арасындағы дисскусия да мен үшін қызықты оқиға болды.

ЭКСПО көрмесі ше?

- ЭКСПО сынды халықаралық шараны кез-келген мемлекет атын шығару үшін ұйымдастыра алады. Мәселен Олимпиада, құрлықтың спорт бәсекесі сынды шараларды өткізіп те жатыр ғой. Бұл да солардың бірі. Сондықтан,  мен ЭКСПО-ға аса назар аударғым келмейді. Әрине, өз ішімізде бір мақтаныш болды. Жарнамаланды, көп айтылды. Десе де перманентті дүние ғой. Баяғыда ОБСЕ-ге де жетекшілік еттік емес пе. Сол сияқты нәрсе. Мемлекеттік имиджі үшін жасалған шара. ЭКСПО халықаралық көрмесі қоғамға қатысты һәм қажетті шара деп ойламаймын.

Биыл Алаш Орда үкіметі құрылғанына жүз жыл толды. Осыған орай, есте қалатын шараларды атай аласыз ба?

- Алаштың 100 жылдығы расында тарихи дата ретінде аталып өту тиіс еді. Алайда, олай болмады. Мойындауымыз керек. Оның орнына мемлекеттің имиджі ЭКСПО бірінші орынға шықты. Алаш Орда үкіметі мемлекеттіліктің бастауы! 1917 жылы құрылып, үш жылдай өмір сүргені тарихтан белгілі. Өз басым соған қойылған бірде-бір ескерткішті көрмедім. Тек Ә. БӨКЕЙХАНҒА қойылды. Мемлекеттік дәрежеде Алаш автономиясының 100 жылдығы өз дәрежесінде аталып өтпеді. Қыл аяғы ауқымды бір конференцияда ұйымдастырылмады. Бір кітаптарды шығарумен шектелдік. Әрине, өкінішті.

Жақында тікелей президентке бағынатын Ұлттық қордағы 22 млрд доллар бұғатталды. Сонымен қатар, БАҚ қатысты заңға журналисттердің жұмысына кедергі келтіретін өзгертулер мен толықтырулар енді. Бұған не дер едіңіз? 

Меніңше, үкімет сөз бостандығына деген қысымын әлі де жалғастыра береді. Себебі қазіргі кезде әлеуметтік желілерге цензура қою қиындап кетті. Сондықтан да еркін сөзге қысым жасауды, журналисттердің қызметін қиындатуды күткем. Билік сын пікірге, өзгеше көзқарасқа міндетті түрде тосқауыл қоюға тырысып отырады. Авторитарлық мемлекет болған соң бұл қалыпты жағдай. Бұл маған таңғаларлық мәселе болып көрінген жоқ. Шетелдегі қордағы ақшамыздың бұғатталуына келетін болсақ,  бұндай нәрселер талай рет бой көтерген. Иә, біз өз ақшамызды шетелде ұстаймыз. Одан бәріміз хабардармыз. Және өзіміз мойнымызға алған, мемлекетіміз кепілдік берген белгілі бағдарламаларды жүзеге асырмаған кезде  ақшамызды шетелдік банкілер бұғаттайтынын да жақсы білеміз. Менің ойымша бұл 22 млрд доллардан айырылып қаламыз деген сөз емес. Бұл жағдайға сол саладағы мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігінен тап болдық.

Оқи отырыңыз
Отын дағдарысы, ЭКСПО және Бишимбаев соты

Сіздің ойынызша, жылдың ең бұрыс саяси шешімі қандай болды?

- Бұған жауап беру қиын. Қайта айналып латын графикасына келгім келеді. Таңқалғаным,  11 қыркүйекте латын әліпбиінің  бірінші нұсқасы берілді ғой. Сосын ұмытпасам 9-қазанда екінші нұсқасы жарияланды. 18-19 күннен кейін халық соңғы нұсқаға қатысты пікірлерін айтты. Бірақ президент, президент әкімшілігінің жетекшілері Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ, М. ТӘЖИН жиналып алып өздерінің бекіте салғандарына таңырқадым. Неге 20 күндей уақыт беріп халықты дүрліктіріп қойды? Неге тілші ғалымдардың пікірі ескерілмеді?  Ақыры болды қазан айында жұрттың талқысына салмай-ақ бекіте салмады ма. Қаншама адамдар апострофқа қарсылығын білдірді.  Рабиға СЫЗДЫҚОВА бастаған бір топ тілші ғалымдар арнайы хат жазды. Жұмыс комиссиясы құрылған еді. Соның қатарында болғандардың бірі менмін. Жаңа әліпбиге өту туралы шешім қабылданды. Онысына рақмет. Ендігі мәселені мамандарға беру керек еді ғой. Бұл жерде саяси ойын араласып кетті. Осыдан бір нәрсе шыға ма, шықпай ма, деп латынды қолдайтындар саны азайып қалған сияқты. Бұл биліктің мен өзім білем деген менмендігі. Әліпбиді халық ғасырлар бойы пайдаланды ғой. Ғылым мәселесіне биліктің араласуы мүлдем орынсыз.

Ал, оңды шешім деп нені айтатын едіңіз?

- Оңда шешім де осы болды. Жоғарыда айтқандай латынға көшу туралы саяси шешімнің шыққандығы. Бұны ойлап тапқан президен Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ емес.  Тоқсаныншы жылдары академик Әбдуәли  ҚАЙДАР ұсынған. Өткен ғасырдың 30 жылдары осы әліпбиде болғанымызды бәріміз білеміз. Бұл шешім қазақ халқының, мемлекетінің ғылымының келешегі үшін қабылданған ең оңды шешім болды.

Жылдың соңғы айында үкімет те, күштік құрылымдарда көптеген ауыс-түйістер болды. Осыны ескере отырып, келер жылға болжамыңыз қандай?

- Болжам жасау қиын ғой. Бірақ келесі жылы қазақтың мәселесі күшейе түседі деп ойлаймын. Оның қоғамда талқылануы, қоғам мен билік  арасындағы кикілжің де күшейе түседі. Латын графикасына көшу мәселесінде әлі нүкте қойылған жоқ есептеймін. Жер мәселесі де әлі толық шешілмеді. Заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізілді. Алайда, негізгі екі сұрақтың басы әлі ашық күйінде қалды. Жерді толық сатуға болмайды деген және шетелдіктерге 20 жылдан  аса уақытға жалға берілмейді деген сұраққа жауап берілмеді. Қазақ көбейген сайын қазақ мәселесі алдыңғы орынға шыға береді.

Келер жылы экономикалық жағдайымыз нашарлай түседі. АҚШ тарапынан  Ресейге қойылып жатқан санкциялардың салқыны міндетті түрде бізге тиеді. Экономикаға, қаржылық сектор әлсірей түседі. Қарапайым тілмен айтқанда халықтың тұрмысы нашарлай түспек.

Менің ауыс-түйістерге ешқашан мән берген емеспін. Ауыс-түйістерден жаңа саяси партия, жаңа технология, мемлекет басқаруда тың көзқарастар қалыптасып жатқан жоқ. Дербес саясаткерлер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар креативті ойларын айтып жатыр. Бірақ олар мемлекет құрылымына, жұмысына әсер ете алмайды. Сондықтан,  ауыс -түйістерге көңіл бөлген  емеспін. Министрлердің, әкімдер мен ұлттық компания басшыларының орын алмасулары керісінше, жасалып жатқан шаруаның берекесін кетіреді.  Себебі жаңа келеген басшы өзінше жаңа реформа бастайды. Онысын жүзеге асырмай жатып басқа лауазым иесі атанып, бастаған ісі орта жолда қалады. Бір орында батпақта тұрған машинадай тұра береміз. Мысалы Жақып АСАНОВ  бас прокурор болып тағайындалғанда бәріміз үміттендік. Ол расында жақсы іс бастады. Ойы, пікірі дұрыс еді. Ісін соңына дейін жеткізбей Жоғарғы сот төрағасы болып кетті.

Оқи отырыңыз
Қазақтар биыл Google-ден не іздеді

Сіз келесі жылы «қазақ мәселесі» күшейеді дедіңіз осыған орай ұлтшылардың белсенділігі арта ма?   

- Соңғы бір-екі жылды байқасаңыз ұйымдық деңгейдегі, жүйелі түрде жұмыс азайып бара жатыр. Белгілі бір құрылымдық ұйымдар жоқтың қасы. Ол ұлтшылардар болсын, оппозиция болсын, басқасы болсын. Оның орнына жалпы халықтың көзқарас қалыптасып, қоғам ояну үстінде. Бұл әлеуметтік желінің әсері ме, білмеймін. Мысалы 2016 жылы жерге байланысты митинг болды. Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда халқын оппозиция я болмаса ұлтшылардар көшеге алып шыққан жоқ қой. Сол сияқты енді халықтың өзінің көтерілетін кезі келе жатыр.

Бұл бір жағынан қуанышты. Бір жағынан өте қауіпті. Себебі басшысы жоқ көтерілістер билікке де жақсы емес, қоғамға да жақсы емес. Ондай кезде ешкім-ешкімді тыңдамайды. Түрлі ұрандар көтеріліп, түрлі бағыттарға түсіп кетуі мүмкін. Мысалы, кейбір жерлерде «аллаху акбар»  деген айгайлардың шығуы ықтимал. Менің ойымша биліктің саяси алаңды тазалап қоюы өзінің басына таяқ болып тиеді. Ертең алаңға адамдар шықса олардың алдына кім шығады? Кім тоқтатады? Саяси мәмілеге келуге кім мұрындық болмақ?

Қазіргі саяси жағдайда ұйымдардың жұмысы жүрмейді. «Алаш жолы» қоғамдық ұйымын  тіркеді де екі айдан кейін қайта жапты. Бір жағынан біздің қоғамда қоғамдық ұйым, бірлестік, қозғалыстың қажеттілігі де болмай бара жатыр. Өйткені олардың саяси өмірге араласуына тосқауылдар жасалып қойылған. Бұны билік саналы түрде жасады. Сөйтіп өздері үлкен бас ауруын тауып алды.

Қыркүйек айында Астанадағы «Абу-Даби плазадағы» төбелесті еске алып көрейікші. Құрылыста жүрген жастар Үндістан азаматтарымен төбелесіп қалды. Бірақ бар себеп сол емес қой. Жастардың проблемасы жетеді. Жастар түнгі сағат үште «Менің Қазақстаным» әнін шырқап көшеде жүріпті. Бұл не? Екінші желтоқсан ба? Бұл желтоқсанның алғашқы жаңғырғы! Оларды ешкім ұйымдастырған жоқ. Олар өз кеуделеріндегі ашу ызаны шығарды. Өздерінің талаптарын қоюдың жолы осы деп ойлады. Себебі дипломатиялық жол, ұйымдық, партиялық тараптың жұмысы бізде жоқ қазір. Енді жалпыхалықтық деңгейге түсті. Бұл қоғамға жақсылық әкелмейді.   

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.