Қаз   Рус

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр

447 қаралды
0
Ратель
Пятница, 22 Дек 2017, 09:00

Белгілі балгер жаңа жылға болжам жасады

Нақты цифр негізінде болжам жасап танылып жүрген белгілі нумеролог Анар АМАН Sputnik Қазақстан тілшісіне 2018 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болатынын айтып берді. 

Оқи отырыңыз
Атыраудың шыршасына екі есе көп қаржы кетеді

"Бас екеу болмай, мал екеу болмас"

"Нумерология бойынша есеп-қисап жасасақ, келер жылдың саны бізде – 2. Бұл цифр дипломатияны, бірлікті, мүдделестік пен ниеттестікті білдіреді. Егер осы, артта қалып бара жатқан 2017 жылы "эго", яғни даралану, жеке кәсібін ашып, ерекшеленгісі келетіндердің ісі құпталса, 2018 жылы бәрі керісінше. Бөлектенгісі келетін жандардың алдынан тосқауыл кездеседі, ит жылы ынтымаққа, бірлесіп әрекет етуге, бір-бірін құрметтеп, ой-пікірлерімен санасуға шақырады. Мәселен, алдағы жыл ер мен әйелдің мәңгілік жұп болып, шаңырақ көтеруіне өте қолайлы жыл. Жалпы нумерологияда екі саны энергияға жауап береді. Сол себептен де көбісі отбасылық жайлылықты, ошақ жылуын қалайды. Өмірлік серігін кездестіріп, көптен таныс жандар нақты шешімге келіп, отбасын құруға асығады", — дейді Аман. 

Сондай-ақ, нумерологтың болжамынша, ит жылы өнер адамдарына, әртістерге дуэт құруға таптырмас жыл. Дейтұрғанмен, бұл цифрдың теріс жақтары да баршылық. Әрбір істе бәрін ақылға салып, келісіп, бейбіт жолмен шешу керек. Ымыраластық, ынтымақшылдық, дипломатия болмаса "аққу, шортан һәм шаянның" кебін киюіңіз мүмкін. 

Сонымен қатар, 2018 жылы шығармашылық салада істейтіндердің, психологтар мен астрологтардың Айы оңынан тумақ. 

Оқи отырыңыз
Жаңа жылдық корпоративке қанша ақша кетеді

"Бұл жыл бұрынғы жылдан өзгерек"

"Таяудағы бес жылда Қазақстанның өзге елдермен серіктестік қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде. Алдағы 4-5 жылда еліміз қандай да бір жобаларда, жаһандық мақсаттарда әлемдік жетекші мемлекеттердің қолдауына ие болады. Әзірге мен, нумеролог ретінде, теріс ритм, мәселен келіспеушілік, дау-жанжал, тоқырау байқап тұрған жоқпын. Қазақстанда төрт-бес жыл қатарынан оң ритм. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Яғни серіктестік те жоғары, сырттан да қолдау бар, табыс та молаяды.  Ал валюта нарығында, я да тағы басқа оқиғалар бұл, әрине, табиғи нәрсе, ондай болып тұрады. Жалпы 2018 жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болмақ. Отандастарымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсара түседі. Биылғыдан да жақсы өмір сүретін болады", — деді нумеролог.

Оның айтуынша, әлемдегі жағымды-жағымсыз оқиғалар Қазақстанды да айналып өтпейді. Десек те еліміз кез келген тосқауылға төтеп беретін әлеуетке де, ресурсқа да ие. 

"Біз мына тұтас әлемнің бір бөлшегіміз, сондықтан жаһандық оқиғалардан тыс қала алмайтынымыз түсінікті. Бірақ, нумеролог ретінде айтар болсам, Қазақстан қуатты әлеуетке, ресурқа ие. Қазақстанды ең жайлы планета Юпитер жебейді. Юпитерді мол бақыттың ғаламшары, ең дана планета деп те атайды. Сондықтан бұл ғаламшардың қамқорлығы мен қолдауына ие ешбір ел жаман тұруы мүмкін емес. Тіпті әлемде қандай да бір табиғи апат, төтенше жағдай бола қалса, Юпитер бізге барлық ресурс пен мүмкіндікті береді", — деді нумеролог. 

Ит адал ойынды жақсы көреді

"Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит адал ойынның жақтасы, жыл соңында әрбіреуін еңбегіне, адал ниетіне қарай марапаттайды. Мүмкіндік береді, алайда оның сұрауы да жоқ емес. Ит, біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді", — деген Аман қазақстандықтарға келе жатқан жаңа жылда шынайылық, өзара сенім мен адал махаббат тіледі.

Дереккөз: Sputnik.kz

Фото: astroscope.ru

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.