Қаз   Рус

Барлық қиындықты махаббат жеңіп шығады

1118 қаралды
0
Айнұр ТӨЛЕШОВА
Воскресенье, 21 Янв 2018, 14:00

Қызылордалық жас жігіттің орнынан тұрып кетуі үшін 50 мың АҚШ доллары керек

Қызылорда қаласының тұрғыны Данияр ЕМБЕРГЕНОВ І топ мүгедегі. Жас жігіт осыдан бірнеше жыл бұрын қайғылы жағдайға ұшырап, арбаға танылды. Омыртқа жұлынынан жарақат алған. Белінен төмен қарай жансызданып қалған жігіт тағдырдың тауқыметіне тойтарыс беріп келеді.

Мүмкіндігі шектеулі болса да, қоғаммен етене араласып, өзін жан – жақты қырынан танытып жүр. Данияр өзін мүгедектер қатарына қосқысы келмейді. Намысшыл азаматтың сүйікті жары мен сүйкімді қызы бар. Өмірінің мәні – жақындары үшін өмір сүріп келеді. Отағасы болғандықтан жанұясының ештеңеден қысылмағанын қалайды. Сол үшін де күндіз – түні жолаушыларды тасымалдап, күн көріс қамын жасайды.

«Адам «мүгедекпін» деп үйінде қол қусырып отыруына болмайды. Әсіресе, ер азамат үшін бұл ұят жағдай деп ойлаймын. Арбаға танылғандықтан тұрақты жұмыс жасай алмаймын. Есесіне, шопыр болып, көлік айдау қолдан келетін іс. Несиеге алған көлігіміз бар. Сонымен, тұрғындарды тасып, ақша табамын. Қаражатымды отбасыма жұмсаймын. Менің үшін жан – жарым мен қызымның күліп жүргендері маңызды. Оларды бақытты ету үшін қолымнан келгенін аямаймын», - дейді Данияр.

Данияр әйелі дүниеге сәбиіне босанып жатқанда қайғылы жағдайға тап болған. Алайда, отбасының шаңырағы шайқалмай керісінше беки түскен. Данияр өмірге деген құштарлығымды махаббат сөндірмеді дейді.

26 жастағы жігіт өнерден де құр алақан емес. Салтанатты шараларда би билеп, ән салады. Көрермендердің қошеметіне бөленіп жүрген азаматтың таланты таңдай қақтырады.

«Алғаш сахнаға шығуыма әйелім себепкер болды. Келіншегімнің аты – Бахыт. Ол өзі сондай белсенді. Көпшіліктің алдына алғаш рет ән салып шыққаным есімде. Арбаға отырған кісіні кім тыңдайды деген қорқыныш та болды. Бірақ қобалжығанымды басуға келіншегім көмектесті. Ол маған сенді. Мен оның сенімін ақтап шығуға тырыстым Кейіннен мені қала аумағында өтетін көптеген іс – шараларда өнер көрсетуге шақыратын болды. Би де билеймін. Денсаулығыма пайдасы болып қалап деп, би сабақтарына барып жүрмін. Жастар балында өнер көрсеттік», - дейді ол.

Даниярды күнделікті баптап, бар жағдайын жасап жүрген жары Бақытты да әңгімеге тартқан болатынбыз.

«Күйеуімді мақтан тұтамын. Отбасы үшін бәрін жасап жүр. Ешқашан еңсесін түсіріп, мойыған емес. Жақсылыққа сенеді. Ал мен оған сенемін. Өмірдің барлық қиындығын махаббатымыз жеңіп шығады деп ойлаймын. Әрине оңай емес. Жұрт қатарлы ол да жүргісі келеді, өмір сүргісі келеді. Бірақ тағдырдың жазғанына қолымыздан келер шара жоқ. Менің оның күндердің күнінде аяғына нық тұрып, жүріп кететініне сенімдімін». – дейді Бақыт АДАМБАЕВА.

Қазір Даниярдың отбасы пәтер жалдан күн көреді. Мүгедектік бойынша алатын зейнетақысы соған кетіп отыр. Келіншегі жұмыссыз.

«Шетелден Даниярға көмектесе алатын мамандарды іздегенбіз. Оңтүстік Кореяның дәрігерлері аяғынан тұрып кетуіне үміт бар екенін айтады. Бірақ еміне 50 000 АҚШ доллары қажет. Өкінішке орай, мұндай ақша бізде жоқ. Мүмкіндік болса жомарт жандардан көмек сұраймыз», - дейді жас келіншек.

Фото автордікі.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.