Қаз   Рус

Жер мәселесіне арналған жиынға желтоқсаншы мас болып келген

924 қаралды
0
Мұхтар ТАЙЖАН
Понедельник, 19 Фев 2018, 12:30

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның қоғамдық тыңдаулардан кейінгі ойлары

КЕШЕГІ ЖИЫННЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Бұл жиынды мен арандату-анонимка хат пайда болғаннан кейін өткізем деп шештім. Жер туралы жаңа заңын биліктің өкілдері және халыққа танымал тұлғалар бірге жиналып талқыласын, деп. Сонда ғана бұл заң халыққа айқын болады. "Мен барып тыңдайын" дейтіндерге есік ашық болды.

Оқи отырыңыз
ОҚО әкімінің халық алдындағы есебінде шу шықты (видео)

Жалпы жиын өте пайдалы болды деп санаймын. Заңның жасаушылары (АШМ, вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Жер комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина), қабылдаушылары (парламент депутаттары Сапархан Омаров пен Берік Оспанов), заңның оппоненттері (Айдын Егеубаев пен Антон Фабрый), тәуелсіз заңгер-сарапшылары (Абзал Құспан пен Бакытжан Базарбек) әрқайсы 10 минуттік баяндамаларын жасап берді. Рахмет айтам!

Әрі қарай талқылау басталды. Сөз сөйлегендер - Сағат Жүсіп - жиынды ашты, Рысбек Сәрсенбай (АЛМАТЫ), Ермурат Бапи (АЛМАТЫ), Ерлан Калиев (АЛМАТЫ), Дос Көшім (ҚЫЗЫЛОРДА), Болат Нурхожаев(ҚЫЗЫЛОРДА), Жәнібек Қожық (МАҢҒЫСТАУ), Уайс Ерсайынұлы (Uais Yersaiynuly) (МАҢҒЫСТАУ), Лукпан Ахмедьяров (ОРАЛ), Нұрлан Сәдір(ОРАЛ), исатай утепов (Isatai Utepov) (ОРАЛ), Ruza Beisenbai Tegi(КЕРЕКУ), Жексен Абдрахманов (ҚАРАҒАНДЫ), Нұрлыбек Қуаңбаев (Nurlybek Kuanbaev) (ЖЕЛТОҚСАНШЫ), Айгүл Орынбек (ШЫМКЕНТ)

Көп орынды ұсыныс-ойлар айтылды. Бәрі ораторлар бәріміз алдын ала келіскен 5 минуттік регламентімізді және жиынның күн-тәртібін сақтап сөйледі. Тек қана Рысбек Сәрсенбай ағамыз оған қарамастан 25 мин сөйледі, яғни 5 адамның уақытын жалғыз өзіне жұмсады.

Жиынның модераторы болғаннан кейін мен бір-екі рет бұны ескерттіп айттым, басқаларға уақыт жетіспейді, деп. Бірақ Рысбек ағам мені тыңдаған жоқ. Ақыры дәл солай болды, біз қонақ үйде жалдаған уақыт бітті, жиналысқа өз еркімен келген адамдарға сөз сөйлеуге уақыт жетіспей қалды. Меніңше, демократия - ол басқа адамдардың да құқықтарын бұзбай, құрметтеуді білу. Және алдын ала келіскен шарттарды орындау, мойындау.

Ал шыны керек кейбір адамдарға уақыт болса да сөз бермес едім. Қасиетті жұмада киелі жер мәселесін қоғаммен бірге талқылауға араққа тойып алып келуге бола ма? Мен желтоқсаншы Құрманғазы РАХМЕТОВТЫ айтып отырмын. Жастарға не үлгі көрсетіп отырсыздар, ағалар? Ұят емес пе өзі? Әрине мен мас адамға сөз бермедім, сол үшін жиынның соңында Құрекеңнің менімен төбелескісі келді) Сөз жоқ.

Басқалар, Салим Отен секілді, трибунаның қасында отырып алып, баяндамаушыларға арнайы кедергі жасап отырды. Бұндай кәсіби провокаторлық әрекеттерге неге барасыздар, ағалар? Негізі, жиынның видео жазбасын мыңдаған-мыңдаған адам көріп отыр. Сонда халық кім кім екенін, кей белсенділердің интеллектуалды деңгейі қандай, өз көзімен көріп отыр. Ол да жиынның үлкен пайдасы деп санаймын.

Сөздің қысқасы, өзім мынандай қорытынға келдім. Енді менің ұйымдастыруымен өтетін бұндай отырыстар жабық есікпен өтеді. Залға адам тек қана тізім бойынша кіреді. Басқалар үйде комптың алдында тікелей эфирмен қарап отырсын, мәдениетке үйренсін кішкене.

Бірақ жиынның нақты жақсы нәтижелері де бар. Түстен кейін АШМ вице-министрі - Нысанбаев мырза маған хабарласып Абзал Құспанның, Бахытжан Базарбектің тел сұрап өзіне шақырды. Абзалдың айтуынша, олар кеше 18.00-20.00 жер заңын талқылап отырды. Ол өте жақсы, ағайын. Жер мәселесімен кәсіби, халық сенетін, білімді заңгерлер айналысу керек.

Жер - жалпы ұлттық қазынасы. Билікте отырғандар да марсиандар емес, олардың да қаны қазақ. Жерге келгенде сен биліксің, мен оппозиция деп бөлінбей, халыққа қажет жұмысты бірігіп атқару керек. Айқын ғой, биліксіз не заң қабылдай алмайсың, не бұл заңды орындата алмайсың. Ал қазаққа не керек? Жер керек! Сондықтан кешегі билікпен бірге өткен жиынымыз салмақты, ортақ, халыққа пайдалы, сауатты, нақты жұмыстың басы ғана болсын, ағайын! Ойым осы.

Дереккөз: Мұхтар ТАЙЖАННЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: azattyq.org.

Редакциядан. Біз Құрманғазы Рахметовке хабарласқанымызда, желтоқсаншы бұл мәселеге қатысты арнайы жауап дайындап жатқанын айтты, оны әлеуметтік желіде жариялайтынын жеткізді.      

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.