
Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты қиратпақ
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қаза тапқан желтоқсаншы Қайрат РЫСҚҰЛБЕКОВТІҢ інісі - Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ қыздарды 50 мың теңге үшін шешіндірген алматылық түнгі клубын бүгін кешкі сағат 18.00 қирататынын мәлімдеді. |
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазған.
"Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00-де... "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер, "демалыңдар!" деп жазыпты Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіде көптеген жігіттермен бірге "Қызға қырық үйден тыю" деп айтқан видеосын да жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсан күні Zakova Bar клубында атышулы блогер Айжан БАЙЗАҚОВА қыздар арасында шешінуден конкурс өткізген болатын. Кеше Алматы ІІД баспасөз қызметі Instagram жұлдызы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үш күнге қамауға алынғанын хабарлады.
Фото: Azattyq.org