Теміртау әкімшілігі «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына жер учаскісін қаншаға сатқанын айтпай отыр
Өткен аптада Ratel.kz сайты Теміртау қаласы әкімі Ғалым ӘШІМОВКЕ бірнеше қарапайым сауалдан тұратын журналистік сұрау жолдаған еді. Нақтырақ айтқанда жеке меншік «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сатылған жер телімін анықтамақ ниетте еді. Жергілікті билік өкілімен сауда-саттық жасасқан компанияның құрылтайшысы Голландия да Eemhavenweg, 70, 3089KH, Rotterdam мекен жайы бойынша тіркелген шетелдік «Арселор Миттал Холдингс Б.В.» мекемесі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкер Юлия КОРОЛЕВСКАЯНЫҢ талап арызы қаралып жатыр. Кәсіпкер соттан «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жасасқан келісім шартты орындатуды сұраған. 2015 жылы компания кәсіпкерге бос тұрған жылыжай кешенін сатуға келісім беріп, 1,5 миллион теңгеге бағалаған. Жылыжай тұрған жер телімі кәсіпкер атына рәсімделгенде екі жақты келісім шарт толыққанды жасалып біту керек болған. Алайда, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жердің сатуға құжаты дайын емес деп уақытты екі жылға созған. Сот процессі кезінде металлургиялық компанияның ол жер теліміне 2016 жылы 21 мамырда иелік еткені анықталған. Бұған судья Қарағанды облыстық әділет басқармасынан сұратқан ресми құжат дәлел бопты.
Ең қызығы, 21 мамыр күні Қазақстан бойынша Конституция мен жер кодексіндегі өзгерістерге қатысты митингілер болып жатқан еді.
Қазақ жері шетелдіктерге қаншадан сатылғанын білу үшін Әшімов мырзаға бар-жоғы бес сауал жолдаған едік.
- Теміртау қаласында жалпы көлемі қанша ма жер телімі «Арселор Миттал Теміртау» меншігіне өтті?
- Теміртау қаласындағы жер телімі компанияға қаншаға сатылды?
- Жер телімі не себепті жеке меншікке сатылды?
- Жер телімін сатудан Теміртау бюджетіне қаражат түсті ме?
- «Арселор Миттал Теміртау» АҚ сатылған жер телімдерінен Теміртау бюджетіне түскен жалпы сомма қанша?
Бастапқы үш сұраққа жауап қысқа ғана берілді. 20 пунктке (жариялауға шектеу қойылады) сәйкес Қазақстан Республикасы мен «Испат Кармет» АҚ арасында 1995 жылы 17 қарашада жасалған келісім шарт құпия мәлімет болып есептеледі.
Бұл жерде түсінбестік тудырып отырған мәселе мынада. Жылыжай кешені орналасқан жер телімі 2016 жылы жеке меншікке сатылады («Арселор Миттал Теміртауға»). Ал 1995 жылы жалға берілген. Сондықтан да қалайша 1995 жылғы келісім шарттың пунктінің 2016 жылғы жер телімінің сатылымына қатысы бар. Бұдан шығатын қортынды түсінікті. Қазақстан азаматтарына туған жердің бір түйір топырағы шетелдіктерге қаншаға сатылатынын да білуге болмайды.
Әйтеуір бастысы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның жерді тегін алмағаны қуантады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 17 қарашасына дейін Теміртау қаласының бюджетіне алпауыт компаниядан 450 миллионнан аса қаражат түскен. Барлық сомма осы ма, әлде, тағы да түскен түспегені құпия.
Қолда бар мәліметтерге қарап отырып шамамен шетелдік инвестордың жерімізді қаншаға сатып алғанын болжауға болады.
1995 жылы Лакшми Миттал Қарағанды металлургиялық комбинатты сатып алған кезде, шетелдік инвестор 5000 мың гектар аумағында жатқан Орталық Азиядағы ірі кәсіп орынға ие болғанды айтылған еді.
Ары қарай – қарапайым арифметикаға сүйенуге болады. 5000 гектар 50 миллион шаршы метрі. 450863381 теңгені 50 миллион шаршы метірге бөлеміз. Сонда бір шаршы метріге 9 теңге 1 тиынан келеді.
Бұл арзан ба, әлде, қымбат па? Жер учаскісінің нарықтағы бағасын білу үшін хабарландыруларды қарап шықтық. Теміртаудың іргесіндегі жердің бір шаршы метрі 300 теңгеге бағаланады екен.
Фото: Азаттық радиосы.