
Танымал адвокаттың пікірінше, түнгі клубта қыздарды шешіндіріп, сайыс өткізген Байзакованың еш кінәсі жоқ
Джохар ӨТЕБЕКОВТІҢ сөзінше, атышулы блогер Айжан БАЙЗАҚОВА еш кінәсіз қамалып шыққан.
“Әкімшілік соттың инста-блогерді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алғаны заңға сай келмейді. Ол кофеханада немесе отбасылық мейрамханада емес, түнгі клубта балағат сөз айтып, қыздар арасында шешінуден жарыс өткізді. Бұл өткізілген орын мен жиналған халыққа сай келетін іс-әрекет. Мемлекет өз заңын өзі белден басып жатқаны өкінішті”, — деп хабарлайды Stan.kz Джохар Өтебековтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Айжан Байзақова қыздар арасында шешінуден сайыс өткізіп, сол үшін үш тәулікке қамауға алынған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.
Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.
Келесі күні “Нұр-Мұқасан” дуэтінің әншісі Мұқасан ШАХЗАДАЕВТЫҢ парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.
Дереккөз: Stan.kz