Қаз   Рус

Шахтинскіде 200 шахтер жер астынан шықпай отыр

320 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН Айман САҒАТАЙ
Понедельник, 11 Дек 2017, 16:00

«АрселорМиттал Темиртау» компаниясы мен жұмысшылары арасында еңбек дауы басталды

Компанияның көмір департаментінің төрт шахтасының кеншілер тобы ауысым аяқталған соң, жұмыс орындарынан кетуден бас тарты. Шахтадан шықпай қойған олардың басты талабы жалақыны көбейту. Ratel.kz  сайтының тілшісі Айман САҒАТАЙ  «Казахстанская» шахтасына барған.  Алайда журналситті ішке кіргізбеді. Тілшіміздің хабарлауынша, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Шахтерлар 11 пункттен тұратын талаптарын Whats App мессенжері және әлеуметтік желілер  арқылы таратқан.

Компания да шахтерлардың наразылық акциясын растап отыр. Алайда «АрселорМиттал Темиртау»  жұмысшыларымыз ешқандай талап қойып отырған жоқ деп баспасөз мәлімдемесін жариялады. Сонда 200 кенші жер астынан неге шықпай отыр деген сауал туындайды.

«Дәл қазір 4 шахтаның түнгі аусымдағы 200 аса кеншілері жұмыс аяқталса да жер астынан шықпай отыр. Бұл рұқсат етілмеген заңсыз акция. Шахтерлар тарапынан шахты басшылығына, «АрселорМиттал Темиртау» әкімшілігіне ешқандай да ресми  талап қойылған жоқ. «Қорғау» кеншілер кәсіподағынан да арыз түспеді», - делінген «АрселорМиттал Темиртау»   компаниясының баспасөз мәлімдемесінде. 

Ал әлеуметтік желілерде шахтерлар акциясынан мынадай видео тарап кеткен.   

Шетелдік компания мен жергілікті халық арасындағы еңбек дауынан Қарағанды облысы әкімдігі де хабардар екен. Бірақ шахтерлармен сөйлескендіктерін я болмаса олардың талап тілектері туралы еш мәлімет таратпады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіндегі жағдай туралы 2017-ші жылдың 11-ші желтоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің төрт шахтасының жұмыскерлер тобы ауысым аяқталған соң жұмыс орындарынан кетуден бас тарты. Компания басшылығы мен жұмыскерлердің мүддесін ортаға салатын «Қорғау» көмір кеншілері кәсіподағының арасында еңбек заңнамасы шеңберінде келіссөз басталды. Басқа шахталар штаттық режимде жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жағдай Қарағанды облысы әкімдігінің бақылауында», - деп Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз мәлімдеме таратты.

Естеріңізде болса, қараша айының 30 күні, дәл мереке алдында, Жезқазған қаласында «Қазақмыс»  компаниясының жұмысшылары да шахтадан шықпай қойып, қарсылық акциясын өткізген еді. Енді міне Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір алпауыт компанияның жұмысшылары еңбекақыларының аздығына наразылық танытып отыр.

P.S. Соңғы түскен мәліметтер бойынша, "Тентек" шахтасында келіссөздер басталып кетті.  

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)