Қаз   Рус

Поп Александр хиджаб киетіндерге мектеп ашуды қолдайды

192 қаралды
0
Гүлназ САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ
Среда, 17 Янв 2018, 17:50

Сарапшылар Дін министрінің мәлімдемесіне пікір білдірді

Белгілі дінтанушы Зікірия ЖАНДАРБЕК «хиджап киетін оқушыларға арнап жеке мектеп ашу – қауіпті» деп санайды. Бұл дінтанушының күні кеше Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВТЫҢ «хиджаб киетін оқушылар ата-аналарының  бірігіп мектеп ашып алуына құқы бар» деген мәлімдемесіне орай айтқан пікірі.

«Заң рұқсат береді екен деп әртүрлі бағытта мектеп ашу қауіпті. Қазіргі жағдайда, діни сауаттылығымыз төмен кезде, тіптен, қорқынышты. Мұның соңы этникалық жіктелуге апарады. Жалпы мектептің алдына барып намаз оқып жүргендер қазақ бола алмайды. Олар салт-дәстүрді лақтырып тастады. Салт-дәстүрімізбен мәдениетіміз діни танымға байланысты өзгеріп барады. Бір топ ата-ана осылай деді екен деп олардың айтқанын орындай берсек, ел болмаймыз. Олармен басқаша жұмыс жүргізу керек. Әдет-ғұрыптың негізіне бойлау керек. Әйтпесе, идеологиялық тұрғыдан бөлініп барамыз. Бұл бір топ ата-ана мен оқушылардың ғана проблемасы емес, біздің рухани тұтастығымыздың проблемасы. Діни мәселеде демократиялық принцип жүрмейді», - дейді Зікірия Жандарбек.

Сонымен қатар, дінтанушы «арнайы жеке мектеп ашылған күннің өзінде оның оқыту бағдарламасын кім қадағалайды?» деп алаңдайды.

«Егер мұндай мектептер ашылса, олар бас-басына би болып кетеді. Дәстүрлі дініміз, дәстүрлі білім беру жүйеміз қайда қалады? Бізде діни сауатсыздық пен фанатизм асқынып тұр. Ал  сондай мектеп ашылды делік. Оларды бақылау қиындайды. Оқудың бағдарламасын керемет етіп, Діни басқарманың талаптарына, заңға сәйкес етіп бекіткенімен іс жүзінде қандай боларын, балаларға не оқытатынын кім білсін? Күнде қадағалап жатпайды ғой. Жеке діни мектеп-медреселерге ешқандай рұқсат беруге болмайды, ашылған жағдайда оны басқаратын адам, мұғалімдері дәстүрлі дінді жақсы білетін мамандар болуы керек. Бізде ондай мамандар аз, тіпті жоқ дер едім», - дейді ол Ratel.kz тілшісіне. 

Ал «Қазақстанның Православтық шіркеу қоғамының» шіркеу қарым-қатынастары бөлімінің төрағасы болса мұндай жеке мектептер ашудың орнына мектеп формасына қойылатын талапты қайта қарастыру керегін айтады.

«Мектепке орамал тағып бару соншалықты үлкен проблема емес деп ойлаймын. Меніңше, мектептердегі дресс-код талабын аздап жеңілдеткен дұрыс. Ең бастысы, оқушы бетін толық жаппаса болды. Мұны бір сондай үлкен заңбұзушылық деп есептемеймін. Әр адамның діни ұстанымы, ерекшелігі, діни принципі ескерілуі тиіс. Ал жеке мектеп-медресе ашудан бұрын діни колледж типтес оқу орындарын көбейткен жөн. Себебі, Батыс елдеріндегі католиктік мектептердегідей балама көріп тұрған жоқпын. Жеке мектептер ашқан жағдайда олардың оқу бағдарламасы мемлекеттік оқу жүйесімен бірдей, тіпті, артық болуы шарт. Әрине, оған біздің қоғам дайын ба, дайын емес пе, білмеймін. Мәселен, мен православие бағытындағы орта мектеп ашылар болса, қолдар едім. Алайда, оған қазір заңды тұрғыда рұқсат жоқ», - дейді «Қазақстанның Православтық шіркеу қоғамының», шіркеу қарым-қатынастары бөлімінің төрағасы Протоиерей Александр СУВОРОВ.

Еске салсақ, кеше Үкімет отырысынан кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев хиджаб киетін оқушылар ата-аналары бірігіп, жеке мектеп ашып алуына еш кедергі жоқ екенін, ол мектептердің қарапайым білім ордаларынан қандай айырмашылығы болатынын да айтып берген еді.

«Мұндай мектептерді ашуға қазір жағдай бар. Егер сондай ата-аналар болса, оларды орамал тағып немесе хиджаб кигізіп мектепке жіберетін болса, олар өздері жиналып, демеушілер іздеп, жеке мектептер ашуына құқығы бар», - деді министр.

Оқи отырыңыз
Сирия мен Ирактағы соғысқа Атыраудан 48 баланы алып кеткен

Министрдің бұл сөзіне өткен аптада Ақтөбеде бір топ ата-ананың Парламент мәжілісі депутаты Бақытбек СМАҒҰЛМЕН кездесу кезінде орамал дауына нүкте қою үшін діни бағыттағы жеке мектеп-медресе ашу мәселесін шешіп беруі туралы өтініші себеп болды.

«Азаматтарымыз осындай жеке мептепті ашуға қаншалықты дайын?» деген сұрақты қарастырудамыз. Ол мәселені талқылап жатырмыз. Бірақ ол мектеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификациясынан өткен және діннен бөлінген болады. Ал мектептің ерекшелігі – мұнда қыздар орамалсыз жүре алады. Себебі, онда ұлдар жоқ. Алайда бұл мектеп діни білім бермейді. Жоғарыда аталған ұсынысты қолдайтын ата-аналардың өздері жиналып, демеушілер тауып, жеке мектептерді ашуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін барлық жағдай жасалып отыр», - дейді Нұрлан Ермекбаев.

Жалпы бүгінгі таңда елімізде Қазақстан Діни Басқармасына қарасты 1 университет, 1 имамдардың білімін жетілдіру институты, 9 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істейді. Ал Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында оқу жылы басталғалы бері орамал мәселесі күн тәртібіне шықты. Жүзден аса ата-ана бірыңғай мектеп формасынан бас тартып, Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтардың 14-і күні қабылданған №26 бұйрығының 13-тармағын Қазақстан Конституциясына және халықаралық келісім-шарттарға қайшы деп тануды талап етіп келеді. Дін істері департаменті берген мәлімет бойынша, қазір Ақтөбе облысындағы орта білім беретін мектептерге 338 оқушы орамалмен келіп жүр. Бұл тек бір облыста ғана.

Фото әлеуметтік желіден алынды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."