Қаз   Рус

Депутаттар көмір тапшылығына кім кінәлі екенін айтты

506 қаралды
0
Гүлназ САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ
Четверг, 01 Фев 2018, 17:00

Халық қалаулылары қатты отын мәселесіне қатысты пікірлерін білдірді

Көмір ажиотажына қатысты депутаттар тілшімізге пікірін білдірді. Олардын пайымдауынша, елде ешқандай да қатты отын дағдарысы жоқ. Ал орын алған жағдайға ерте қамданбаған халықтың өзі кінәлі екен.

Мәжіліс депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ бұл мәселеге орай Энергетика министріне арнайы хабарласыпты.   

«Бұл мәселе туралы Қанат Бозымбаевқа қоңырау шалып, ала алмадым. Бірақ, әлеуметтік желілерде таралған видеодағы азаматтар қырғыздар деп айтып жатыр. Олар Шұбаркөлден біздің көмірімізді тасиды екен. 180 вагон жіберілген. Осы көмірдің тапшылығына байланысты әкімшіліктерде жиналыс өткен. Мына Қосшыдағыларды алайық. Ол күніне 14 вагонды жіберіп отыр. Қазір осы Қосшының кіреберісінде 10-15 машина тұр. Ал олар ешқандай тапшылық көріп жатқан жоқ. Былтыр көміріміз Польша мен Жапонияға да жеткізіліп отырды. Өйткені, біздің көмірдің жалыны өтімді. Біз шетелге жақсы, сапалы көмір беріп жатырмыз. Арада келісімшарт бар», - деді ол, орын алған жағдайдың себептерінің бірін атап.   

Сондай-ақ, депутаттың ойынша, бұл жерде жұрттың да кінәсі жоқ емес.   

«Халық ертерек қамдануы керек еді. Суық түскен кезде ғана жүгірмей. Бірақ, бәрібір біздің жайбасарлығымыз бар ғой. Немістер сияқты ерте қамдану керек. Қатты аяз болатыны айтылды. Адамдар өздеріне өздері жауапкершілікпен қараған дұрыс деп ойлаймын. Ал қымбаттатып жатқаны, әрине, халыққа ауырлау. Әсіресе, біз сияқты ұйқылы-ояу, самарқау жүретін, қақаған аязда көмір түсіретін қазаққа қиын. Сатушылар жағдайды пайдаланып, бағаны жоғары ұстап отыр. Одан бұрын министрліктер мұндай мәселені бағамдап, зерттеп отырғаны абзал»,  деп сөзін аяқтады.

Депутат Жамилә НҰРМАНБЕТОВА тіпті бұл жайлы айтқысы келмеді. Назарбаев Университетіне білім саласына қатысты жиынға келген мәжілісмен тақырыптан ауытқысы келмеген сыңайлы.  

«Бұл біздің тақырып емес қой... Менен көмір туралы емес, білім жайлы сұраңыз. Кез келген сауалыңызға жауап беремін. Қазір мен баяндама тыңдауым керек. Пікір айта алмаймын. Барлығы алдын ала жоспарланып, қандай ауа райы болса да, халықты көмірмен қамтамасыз ету керек еді...», - деп қысқаша қайырды.

Ал, әріптесі Жамбыл АХМЕТБЕКОВ көмірге қатысты кез келген сұраққа жауап беруге дайын екен.

«Көмір дауы туралы жақсы білемін. Астанадағы дауларды да естідім. Шұбаркөл разрезінде мыңдаған машиналардың тоқтап тұрғанынан да хабардармын. Қалай ақша жасап жатқанын да білемін. Көмірдің көп көлемде сыртқа шығарылып жатқаны белгілі. Мұнда тек әр облыс, әр қала өзін ойлауы тиіс. Көмір дефицитін болдырмау үшін жағдайды неге алдын ала қадағаламады дейсіз бе? Қадағалағаннан не пайда? Мың жерден бақыласаң да, ана жақтағы атқарушы орган жұмысын дұрыс атқармаса, техникасын тауып беріп, ақшасын дер кезінде бөліп, алып келуге мүмкіндік жасамаса, онда бәрібір пайдасыз. Бір облыстың, тіпті екі облыстың орынбасарларын алып тастасын, одан түк пайда жоқ. Бұған дейін мұндай тапшылық болған жоқ. Біреулер бағаны ұстап тұру үшін жасалған деп айтады», - дейді депутат.

Оған қоса, Жамбыл АХМЕТБЕКОВ елдің көмір іздеп, дүрлігуіне кімдердің кінәлі екенін де айтып берді:

«Жергілікті атқарушы органдар өзіне жүктелген міндетке немқұрайдылықпен қараған. Әйтпесе, жаз, күз мезгілдерінде тасып, тіпті, үйіп қоюға болар еді. Әр айға жоспарланған көмірдің тоннасы бар. Аяз жылда болады. Көмір жетіспеушілігі күннің қатты суып кетуімен байланысты емес. Облыс әкімдіктері, министрліктер, Үкімет болып бір ортақ шешімге келуі керек. Негізгі қиындық – міндеттердің дұрыс атқарылмауы. Яғни, соған жауап беретін әкімдіктің ішіндегі орынбасарлары жұмысты дұрыс істемеген. Жұмысқа қатысы жоқ әкімнің орынбасарлары болуы мүмкін.  Мұндай іске шаруашылыққа бейімделген адам керек. Ал ештеңе білмейтін адамдардың шаруашылықты басқаруынан осындай проблема туындайды. Сондықтан тек міндетті дұрыс атқарса болғаны».

Оқи отырыңыз
Бозымбаевтың көмірі Алматы облысына жеткен жоқ

Тағы бір Мәжіліс депутаты Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ «атқарушы органдар мен министрлік арасында жүйелі жұмыстың болмауынан осындай жағдай туындады» деген пікірде.

«Бұл жүйелі түрде қаралатын мәселе ғой. Жекелеген азаматтар да, министрліктер де белгілі бір жүйемен жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Биыл ауа райының осындай болатынын адамдар білмей қалған шығар. Алайда, атқарушы органдар, министрліктер оны біліп, талдап отыруы керек еді. Атқарушы органдар министрлікпен бірге жұмыс істеуі тиіс. Ондай жағдайға жеткізбеу қажет еді, - дейді ол.

Көмір тапшылығы отынға зәру болып отырған қарапайым халықты әбден мезі еткені белгілі. Алматы облысы халқы көмір таппай, ұзын-сонар кезекте тұрғаны туралы күні кеше жазған едік. Энергетика министрі бұл мәселе тез арада шешіледі деп уәде бергенімен, жағдай әлі өзгере қойған жоқ.

Фото: liter.kz, kazpravda.kz, ult.kz, enu.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."