Қаз   Рус

Денис Тен қазақтарға неге ұнамай қалды

17836 қаралды
0
Сырым ИТКУЛОВ
Пятница, 09 Фев 2018, 13:30

Қысқы Олимпиада қарсаңында Оңтүстік Кореяда қазақстандық спортшы жайлы деректі фильм түсірілді

Жақында Халықаралық Олимпиада Комитетінің Үоutube желісінің арнасында Денис ТЕН туралы «Мұз астында» («Underneath the Ice») атты деректі фильм шықты.

Фильмде Денис Теннің бала кезінен бастап бүгінгі күнге дейін өмірбаяны баяндалады. Онда хорда ән шырқағаны, мұз айдынында алғашқы қадам басқаны туралы сирек кадрлар кездеседі. Сонымен қатар, фильмде Қазақстан қысқы Олимпиада тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш жүлдені иеленген спортшының жетістіктері жайлы да айтылады.

Фильмде Денис Теннің сөзі де келтіріледі, ол орыс және ағылшын тілдерінде жетістіктері жайлы айтады. Сондай-ақ, балалық шағын еске түсіріп әжесі жайлы жылы лебіздерін жеткізген.

Алайда, бұл фильм қазақстандықтардың көңілінен шықпаған сыңайлы. Отандық танымал ЗТБ желісінде пікір қалдырған қолданушыларға Денистің орыс және ағылшын тілінде сөйлегені ұнамай қалыпты.

«Атамекеніне барып, қуанып жүрген шығар, өз қандастары (кəрістердің) арасында», - дейді Али ДИМАШ атты бір оқырман.

«Иә, қазақ жерінде тұрған соң, осы елдің атынан шыққан соң, қазақ тілін білген дұрыс қой. Анау Димаш та (Құдайберген – автор) ағылшынша да, қытайша да үйреніп алды ғой. Ал мына Теннің ойында ол жоқ, әйтеуір аман жүрсін», - дейді Нұркен МИРАС.

«Қазақстанда тұрып қазақтарын қазақша білмесе, бұған несіне қазақша үйренбей ме деп айтасыңдар», - дейді Мөлдір ДІЛДАБЕКОВА.

«Бір жағынан молодец, басқа жағынан Қазақстанда туылып орысша сөйлеп, қазақ тілін үйреніп алмай, ағылшын тіліне өтіп кеткен. Яғни, қазақ тілін керек қылмай, менсінбей кетті! Ар жағында кәрісше де үйреніп жатқан шығар!», - деп ойың білдіреді Қайсар ЖҰМАДИН.

«Ағылшын және орыс, Карл! Ағылшын және орыс! Бірақ қазақша емес», - деп мысқылдады Қожахмет ҚУАНЫШ есімді пайдаланушы.

Осыған орай, біз «Болашақ» Республикалық Қозғалысының төрағасы Дәурен БАБАМҰРАТОВТЫҢ пікірін білген едік.

Оның ойыңша, қазақ тілін жалпыдан да, жалқыдан да талап ету заңдылық болуы тиіс.

«Қазақ тілін әкімнен де, әншіден де, спортшы мен мемлекеттік қызметкерден де талап ету заңдылық. Бірақ ол талап, өкпе, реніш түрінде емес, заңның басым бағыты ретінде талаптанылуы қажет. Және тіл (яғни заң және оның орындалуы) сөзсіз тек қара халыққа ғана керек емес, ең бірінші елдің үмітін арқалап жүрген әкім мен министрлерге керек. Талай теңге шашқан спорт министрлері жазылмаған заңды оған құйып қою керек еді, яғни шет елге шыққанда Қазақстанға құрмет көрсетіп, сөз басын қазақ тілінен бастау керек екендігін.

"Әр елдің салты басқа, құйрығы қара қасқа" демекші, қазақ үшін тіл жағдайының өте нәзік екендігін ел алдында жүргендер түсінуі керек, әсіресе сыртта жүргенде», - дейді жас патриот.

Айта кетейік, Денис Тен 2014 жылғы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарына қола медалге ие болған еді. Енді ол Пхенчхань қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанған еді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)