Көк галстук пен төс белгіге ақша жинау ата-аналардың ашуын тудырды
Атыраулық ата-аналардың айтуынша, қала мектептерінде төс белгі мен көк галстукке ақша жинау оқу жылының басынан басталды. Баға өзгеріп тұрады. 500-ден 800 теңгеге дейін. Ақша жинау жинамау әркімнің өз еркі деп айтылғанымен, әр оқушы айтылған соманы өткізуі тиіс.
Осы мәселеге қатысты Ratel.kz сайтының тілшісі қалалық білім бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВАҒА хабарласқан еді.
Мектептерде сатылымға түскен атрибутика балалар мен жасөспірімдердің «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының керек-жарақтары екен. Қысқасы, совет заманындағы пионерлер сынды олардың да өз төс белгісі, галстуктері бар. Айырмашылығы қазіргілер сатылады.
- «Жас ұлан» қатарына 11 ден 16 жасқа дейінгі балалар, ал «Жас қыран» қатарына 6-дан 10 жасқа дейінгі оқушылар қабылданады. Бұл ұйымдардың атрибутикаларын ал деп ешкімді де мәжбүрлемейміз. Жаңаға айтылған қоғамдық бірлестіктердің өз бастамасымен сатып алынады. Бұның барлығын мектеп директоры мен сынып жетекшілері түсіндірулері керек еді. Бәлкім, кейбір мектептер ата-аналарға дұрыс түсіндірмеген, деді Аманшиева.
Білім бөлімінің басшысы галстук бағасы 300 теңге, төс белгі 160 теңге дейді. Бұл осы заттарды өндірушінің (ИП «Жастар») қойған бағасы екен. Тапсырыс бюджет есебінен жасалмайды.
Атырауда 57 мектеп бар. Онда 58 852 оқушы білім алады. Мектептегі сауда-саттық туралы ақпарат әлеуметтік желіге тарағаннан кейін ата-аналарға ақшаларын қайтарып беру басталып кетіпті.