Зорланған бала полицияға әкесінен қорыққандықтан шешесіне тіс жармағанын айтты
Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық ішкі істер басқармасына Қандыағаш тұрғыны шағым түсірді. Шағымданушы әйел 29-шы желтоқсан күні күйеуінің баласын зорлап жатқан жерінен ұстаған. 31 жастағы күдікті өзінің өгей ұлын жарты жылдан бері зорлап келген екен. Сондай-ақ, тергеу барысында айуандыққа барған азамат дәстүрімізден жат сәләфизм ағымының өкілі болып шыққан. Ол сәләфизімді уағыздаушы Ділмұрат МАХАМАТОВТЫҢ жолын ұстанады екен.
Бала полицияға анасына болған істі қорыққандықтан айтпағанын жеткізіпті.
Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 124 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, уақытша тергеу абақтысына қамалған.
Фото: riavrn.ru