Қаз   Рус

"АрселорМиттал" шахтерлердің жалақысын көтереді

29 қаралды
0
Ратель
Среда, 17 Янв 2018, 12:00

Қаңтардан бастап кеншілер еңбекақысы 30 пайызға артатын болады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  
"2017 жылдың 31 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС тізімінде болған жұмыскерлердің жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көбейеді. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті жерасты топтары мен "Өркен" ЖШС-на қарасты Атасу темір кені қызметкерлері үшін еңбекақы 30% —ға артады, оған қоса жалақы ұжымдық келісімшартқа сәйкес 3,55% көлемінде индекстеледі (инфляциядан қорғайтын қаржы)", — деп жазылған таратылған хабарламада.  

Мәліметке сәйкес, көмір департаменті, "Өркен" ЖШС және құрыш департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысы грейдингтік жүйеге сәйкес 30%-ға дейін өседі. 

 Компания құрыш департаментінің қызметкерлері, көмір департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешілетінін атап өтті. 

Естеріңізде болса, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендетуді және жалақыны өсіруді талап етіп, жер астынан шықпай қойды. Ереуіл төрт-бес күнге созылды. Компания ереуілдеген шахтерлермен келіссөздер тек жер бетінде жүргізілетінін мәлімдеді. 14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтатып, шахтерлерді жер астынан шығуға міндеттеді.15 қаңтар күні барлық шахтер жер бетіне шығып, келіссөз жүргізуге келісім берді.  


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.