Қаз   Рус

Қарағанды облысында балалар сыз тартқан мектепте оқып жүр

189 қаралды
0
Айман САҒАТАЙ
Понедельник, 11 Дек 2017, 12:30

Соның салдарынан 14 бала түберкулез ауруына шалдыққан деген қауіп бар

2015 жылда су тасқынынан зардап шеккен Киров атындағы орта мектеп еліміздің бірінші ханымы Сара НАЗАРБАЕВАНЫҢ туған жері - Қызылжар ауылында орналасқан. Осыдан екі жыл бұрын тасқын суынан қатты зардап шеккен білім ордасының төбесі құлап, едендері шіріп кеткен. Балаларды қойып, мектеп ұжымының өзі аурудан көз ашпайтын болған. Ал жергілікті билік өкілдері жағдайды білсе де көз жұмып келген.

«Біз аудандық әкімшілкке де жаздық, білім бөлімі де құлағдар. Бірақ, еш шара қолданған жоқ. Су басқаннан кейін, өз күшімізбен едендерді жөнге келтіріп, амал жасап келдік. Енді қашанға дейін жасыруға болады. Апат болған жылы, 2015-те жөндеу жұмыстарына 700 мың теңгенің материалдары, оның ішінде цемент, линолеум берілген. Бірақ, ол жеткіліксіз болды, 3-4 ай жатты, шіріп, сосын  бізге аудан білім беру басқармасына басшылар  «списать»  етіңдер деді. Ал негізі, оның өз тәртібі бар. Үш жылдан кейін ғана «списать» ету керек. Сонда мен сұрақ қойғанда, сенің шаруаң болмасын деп, бұйрық беріп, сөйтіп, «списать» еткізіп тастады. Сонда  700 мың далаға кетіп отыр», - деп түсіндірді жағдайды мектеп директоры Саят СҰЛТАНОВ.

Өз кезегінде  Бұхар Жырау аудандық білім беру бөлімінің басшысы бұл мәселеге қатысты былай деп жауап берді.

«Мен жаңадан келген едім, əзірге нақты ешнәрсе айта алмаймын. Білетінім, келесі жылдан бастап бұл мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 112 млн теңге бөлінетін болды. Қазір мердігерлерді тендер бойынша қарастырып жатырмыз», деді Әсет АХМЕТОВ.

Ал, жергілікті тұрғындар бұл бір ғана заңсыз дүние емес деп отыр.  Ата-аналардың айтуынша, 1992 жылы екі қабатты ғимарат мектеп ретінде салынып, құрылысы аяқтаусыз қалған. Ол ғимаратты Бұхар Жырау аудандық әкімдігі  жеке кәсіпкерге аукцион арқылы сатып жіберген деседі. Ата-аналар мен ұстаздар сол ғимаратты қайтарып берулерін сұрайды.

«Балаларым жиі ауратын болды. Кіші балам, бірінші сыныпта оқитын, өткен жылы өкпесіне суық тиіп, ауруханада жатып шықтық. Жартылай мектеп тұр ғой салынған, соны аяқтауға  болатын шығар. Сіздер келген соң, аудан әкімі, біздің әкім жиналыс ашып, істейміз, жөндейміз дейді. Бірақ бос уәде сияқты бәрі. Біз сенуден қалдық. Мектепке арнап салынған ғимаратты бізге қайтарып берсе екен», - дейд Ләззат АБДРАХМАНОВА.

Сыз тартқан білім ордасында мұғалімдердің  де жұмыс істегісі жоқ. «Оқитын орынымыз, жұмыс орынымыз өте қолайсыз, бірақ соның барлығына төзіп отырмыз. Жаңа мектепті салып берсе болды», деп жеткізді өтінішін бастауыш сынып мұғалімі Гүлбаршын СКВОРЦОВА.

Оқи отырыңыз
Жезқазғанда 30 жуық тұрғын үй құлайын деп тұр

Бұл жағдайдың салдарынан балалар жиі ауратын болған, оны мектептің   медицина қызметкері растап отыр.

«Бұрынғы жылға қарағанда, биыл аурушаң бала саны көбейді.  Биылдың өзінде егу жасалған кезде, түберкулез ауруына шалдығуы мүмкін деген 14 бала анықталған. Қазір олар қайта тексерістен өтіп жатыр.  Ауырып «больничный» алған мұғалімдер де көбейіп кетті», - деді мектеп медбикесі Жанбота МАҒЛУМ.

Аталған мектептің 48 оқушысы 7 шақырым жердегі Жаңаталап елдімекеніне автобуспен барып келіп оқып жүр екен, ал қалғаны, 50-ден аса бастауыш сынып оқушылары  ауылдық мектепте қалып отыр.

Тағы бір айта кететін жәйт, аудандық  СЭС мекемесі  мектеп директорына 43 000 теңге көлемінде айыппұл салған, мектепте санитарлық жағдай сақталмаған деп. Алайда, директор мұны мойындамай, аталған мекемені сотқа беріп, жеңіп шыққан. 

«СЭС мектептің жағдайын біліп отыр.  Екі жылдан бері енді келіп, маған 20 есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салып кетті. Мен принципке барып сотқа бердім. Қолымда қаражат жоқ, менің не кінәм бар? Қарапайым ауыл мектебінің директоры үшін 40 мың деген қәдімгідей ақша. Сот барысында дәлел құжаттарымен өзімді ақтап шықтым. Сот салған ақшаны қайтарып алсын деген шешім шығарды», дейді мектеп директоры.

Енді 130 баланың ата-анасы білім министріне ескі мектепті жөндеуге қыруар ақша бөлгенше, аяқтаусыз қалған жаңа мектеп ғимаратың тұрғызып берсін деп отыр. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности