Тиісті санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін білім ордасы айыппұл төлейтін болады
Қысқы демалыстан кейінгі бірінші оқу күнінде, яғни 8 қаңтарда жетінші сынып оқушысы іші ауруы мен жүрек айну белгілерімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Келесі күні тиісті сараптаманың қорытындысы гепатиттің А түрін анықтаған.
«Сегізі күні біздің ауруханаға 58-ші мектептен оқушы түсті, баланың іші ауырып, құсқысы келген, басы айналған. Келесі күні сараптама гепатиттің А түрі анықтады. Төрт күннен кейін тағы осы мектептен, сыныптасы сондай белгілермен түсті. Үшінші науқас қантардың 14-де бізге көрінді. Үшеуіне де сары ауру деген диагноз қойылып отыр. Қазір ем-дом қабылдап жатыр. Қаншалықты тез жазылатыны ағзаға байланысты. Кейбірінде бұқ дерт созылмалы болып келеді», дейді Гүлмира БЕКЗАТОВА облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы.
Үш бірдей оқушы жұқтырған мектепте ешқандай тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Санитарлық нормаға сәйкес, дезинфекция жасалынбағаны анықталды. Тек екі бала ауруды жұқтырған сыныпта карантин жарияланған.
«Біз сары аурумен жетінші сыныпты карантинге жаптық. Балалар дәлізден шықпады. Бірінші бала демалыстан кейін ауырып келген соң, аурудың ошағы нақты мектеп екені күмәнді болды. Сондықтан, еш шара қолданбадық. Қазір дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді бір аптадан кейін әрекетке енді көшкен мектеп басшысы Татьяна БАЛҒАБЕКОВА.
Мектеп ұжымы тиісті шараларды уақытында қолданбағанын облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департамент қызметкерлері тексеріс барысыда анықтап үлгеріпті.
«Мектепте сары ауру жұқтырған фактілері анықтаған бойда, мектеп басшысы өзі бізді тоспай алғашқы тазарту шараларын жүргізу керек еді. Ондай шара өткізілмеген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ, бұл мектепке айыппұл салынатыны анық. Бір мектептен үш бала жұқтырса, дерттің ошағы осында деп айтуға негіз бар. Ал, үйден жұқтырса, қасында жүрген туыстарынан анықталу керек еді, әзірге ондай науқастар болған жоқ. Тексеріс қорытындысы он күннен кейін белгілі болады», деді мекеме басшысының орынбасары Гүлжан БАЙГУТАНОВА.
Мамандардың айтуынша, Қарағанды облысында үш жылдан бері мектеп қабырғасында сары ауруға шалдыққан оқушылар болмаған. Сондықтан, бұл жағдай оларды алаңдатып отыр.
Автордың фотосы.