Бала ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ ұрлаушылардың мақсаты әлі белгісіз
Венада Ресейден келген үш жастағы қызды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputniknews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Бала ұрлау туралы қылмыстық іс 8 ақпанда қозғалған. Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, үш жастағы қызды өткен жылы 28 желтоқсанда Венадағы "Бьянка" қонақ үйінде ұрлап кетіпті.
"Бастапқы деректер бойынша, белгісіз біреулер өзара сыбайласып, 2014 жылы туған Ресей азаматы, кішкентай қызды ұрлап кеткен", — деді агенттікке сұхбат беруші.
Бала ұрлаушылардың мақсаты әлі белгісіз, құқық қорғау органдары да ресми ақпаратпен бөліскен жоқ.