Қаз   Рус

Қазақтың 25 ақын-жазушысының кітаптары ағылшын тіліне аударылмақ

22 қаралды
0
Пятница, 23 Фев 2018, 12:30

Халықаралық Қазақ ПЕН клубы алдағы бес жылда қай ақын-жазушылардың кітаптары ағылшын тіліне аударылғалы жатқанын атады

Халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллин алдағы бес жылда қай ақын-жазушылардың кітаптары ағылшын тіліне аударылғалы жатқанын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқи отырыңыз
Банктер қазақстандықтарға үндеу жасады

«Бес жылдың ішінде қазақтың 25 ақын-жазушысының кітабын ағылшын тіліне аудару туралы жоспарымыз бар. Болашақта бұл жұмысқа келгенде бізге билік көмектесер деген ойдамыз. Неге десеңіз, біздің әдебиетімізді ағылшын тіліне аударудың маңызы өте зор», - дейді Бигелді Ғабдуллин Астанада өткен Оралхан Бөкейдің ағылшын тіліндегі «Кісі киік» кітабының тұсаукесерінде.

Бигелді Ғабдуллин өз сөзінде дүние жүзінің жартысы қазіргі таңда ағылшын тілін білетінін айтады. «Кітаптың аударылуына келгенде мына жайды ескеру керек: керек десеңіз, кез келген қазақ жазушысының кітабын осында да аудара беруге болады. Бірақ, мұнда аударған кітабымыз Франкфуртта немесе Нью-Йорктағы кітаптар жәрмеңкесіне қойылмайды. Сондықтан, кітаптың қай баспадан шыққанының маңызы өте зор», - дейді Бигелді Ғабдуллин.

Бигелді Ғабдуллин, сонымен бірге, нақты қай жазушылар мен ақындар туралы сөз қозғалып отырғанын атап өтті.

«Сәтін салса Сәкен Жүнісовтың шығармаларын, Қадыр Мырза Әлінің, Махамбеттің өлеңдерін аударғымыз келеді. Бірақ, поэзияны аудару өте қиын екенін атап өткім келеді. Сонымен бірге, алдағы бес жылда Қасым Аманжолов, Мұхтар Мағауиннің кітаптарын тәржімалауды жоспарлап отырмыз. Осылай, қазақ әдебиетін шетелдіктерге жақындатып жатырмыз», - деп түйді ол.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.