Қаз   Рус

Полиция бөлімшесі банктен бетер қорғалады

866 қаралды
0
Есет ҚАЛМАНОВ
Четверг, 08 Фев 2018, 12:15

Ішкі істер бөліміне кіріп шығу қиынның қиыны екен

Фотода Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы.

Бір туыстарымның шаруасымен аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Миграция қызметіндегі есіктен әшейін басыңды сұғып сұрай салатын шаруа.Алдымен бөлімшенің ауласына кіру керек. Кірпіштен салынған пост арқылы өтесің. Темір есік. Қоңырау түймесін бастым. Он секундтан есік ашылды. Ішке ендім. Тағы да темір есік. Жанында темірмен торланған терезе де бар екен. Онда үстінде бронежилет киген, қолына автомат ұстаған полицей. 

Оқи отырыңыз
Қылмыстық топты «қамқорлығына» алған прокурор мен полиция полковнигі сотталды

- Сізге кім керек?
- Миграционный..
- Олар әлі келген жоқ.
Сағатқа қарасам 14:30. Шығып кеттім. 15:30да тағы да келдім. Қоңырауды бастым, есік ашылды, ішке кірдім. Полиция қызметкеріне тағы да шаруамды айттым. Телефоныңызды беріңіз деді, бердім. Екінші темір есік ашылды. Ол есіктің ар жағында аулаға өтетін тағы да темір есік. Оны да өзі ашып берді. Бөлімше ғимаратының есігіне келсем ол да жабық, кодпен ашылады екен. Жанында қоңырау түймесі. Оны қанша бассам да ешкім жауап берген жоқ. Қайта шығып посттағы полицейге келдім. Ол бара беріңіз өзім айтам деді. Барып тағы да күттім. Жоқ. Постқа қайта бардым. 
- Аға коды “..” кіре беріңіз деді. Сол кодпен коридорға кірдім. Керек есігімді тауып қасына барсам “Есікті қағып кіріңіз” деген жазу бар екен. Есікті қағып кірдім. Екі бойжеткен отыр.
- Саламатсыздар ма, мен пәленшеевтің құжаттары келді ме біліп кетейін деп едім,-дедім. Қағазына қарап:
- Ия келді, куәлігін алып өзі келсін,-деді.
Шығып бара жатып жаңағы кодпен ашқан есігімді жаба алмадым. Ашық күйі тастадым да посттағы полицейге:
-Ана есігіңді жаба алмадым, өзің жабарсың қыздарыңды біреу ұрлап кетпесін, менің телефонымды беріңіз,- дедім. Ол бетіме қарап жымиып, жеті-сегіз телефонның ішінен менікін әрең тауып берді де есікті іштегі түймесін басып ашып берді.
Сыртқа шығып уфф деп тұрсам, артымнан жасы елуден асқан ер адам ашуланып, түтігіп шығып:
- Мынау полиция бөлімі ме өзі? Сонда мені біреу өлтірем деп қуып келе жатса, мен осыларға қашып келсем, есіктен кіргенше өлтіріп кетеді ғой,- деп бара жатты.
Ар жағын ести алмадым. Машинама жеткенше менің де басыма “Шынымен де, бізде банкте полиция жоқ, бір-ақ күзетші, есік ашық. Әкімшілікте полиция жоқ, бір-ақ күзетші, есік ашық. Сонда бұларға не қауіп төніп тұр, бәрінен бұрын полицияны мықты қорғайды екенбіз ғой” деген жымысқы ой жылтың ете қалды...

Дереккөз: Есет КАЛМАНОВТЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: Sputniknews.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.