ҰБТ-да Сарысу ауданында қанша гектар жер жүгері егу үшін жыртылды деген сұрақ бар
Кеше ҰБТ-нің бір тестілерін ақтарып отырып,1930-31- жылы Шұбартау ауданында малдың қанша пайызы етке өткізілді" - деген сұраққа тап болдым. Әрі қарай (дурацкий) пайыздары мен варианттары көрсетілген.Тағы бір жерден 1958-59 жылдары Сарысу ауданында қанша гектар жер жүгері егу үшін жыртылды - деген сұрақ кездестірдім. Әрі қарай (дурацкий) варианттары көрсетілген. Осыларды оқып отырып біздің оқушыларды шынымен аяп кеткенім. Байғұс балалар. Осы статистканы не үшін жаттап жатқанын өздері де түсінбей отырған болар. Тарихқа не қатысы бар-деп ойлайтын да шығар? Тест құраушылардың фантазиясы жеткен жері осы болса қайтеді. Әлде баланың миын түкке керегі жоқ осындай сұрақтармен зорлау(тура мағынасында ) тарих ғылымының беделін арттырады -деп ойлауы мүмкін бе? Баланың басы қоқыс жәшігі емес екенін қашан түсінеміз…
Дереккөз: Сұлтан СҮЛЕЕВТЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: dostykbilim.kz.