Қаз   Рус

Нұржұман Ықтымбаев: Бізде бүкіл ұлтты қорлайтын кинолар түсіріліп жатыр

1718 қаралды
0
Юлия МИЛЕНЬКАЯ
Среда, 08 Ноя 2017, 13:30

Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы актер ары, кино саласындағы алаяқтық пен бүгінгі фильмдер туралы әңгімелейді

Ол Жерар ДЕПАРДЬЕНІҢ жақын досы. Қос елдің кино саласының  майталманы режиссер Сәбит ҚҰРМАНБЕКОВТІҢ «Кеш келген махаббат» фильмі мен отандық банктің жарнамасына бірге түскен еді. Қазақ және француз актерларының тандемі көрермен көзайымына айналып үлгерді.

Читайте также
Нуржуман Ихтымбаев: У нас снимают фильмы, которые унижают целую нацию

КСРО және Қазақстанның кино актеры, ҚР халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ өзге елдерде де танымал өнер қайраткері.

Совет одағы тарағанан кейін актер тек отандық киноларға ғана түсіп қоймай, Ресей, Италия, АҚШ елдерінде еңбек еткен.  Иә, Голливудта да Нұрағаның есімі мәлім.

«Кино алаңында менің өз айла - тәсілдерім бар»

Нұраға, көптеген отандық актерлар сіз сияқты атақ-даңқымен мақтана алмайды. Тіпті, аға буын өкілдері де. Бүгінгі күні сіздің жеткен жетістіктеріңіз жиі ескеріле ме?

– Жаным-ау,қазір басқа уақыт. Жастар еңбегіңе, атағыңа қарамайды. Жақсы жұмыс жасап, сенімін ақтасаң ұсыныс түседі. Көптеген қазақстандық актерлар бос жүр. Өткен жылы Қырғызстанда режиссер Геннадий БАЗАРОВТЫҢ «Ноктюрн» атты кино картинасында басты рөлді сомдадым. Мен оған: «Гена, менімен құралпас, жасы сәл үлкендеу актерлар бар.Бәлкім, соларды да шақырасың?» деген едім. «Кімді ұсынар едіңіз?» деген соң, бір-екі әріптесімнің аты-жөнін атадым. Гена: «Актер ретінде біз оларды мойындамаймыз. Қазақстаннан басқа жерде олар киноға түспеген. Түсіру алаңында өздерін қалай ұстау керектігін білмейді. Мықты режиссерлар мен актерларға кезіксе көрінбей қалады. Неге оларға уақыт шығындауымыз керек?» деп жауап берді. Мен ұсынған актерлардың атақтары жоқ емес еді.  Демек, ең бастысы кәсіби маман болуың керек.

–  Өзіңіз айтқандай сіз актерлықпен кәсіби тұрғыда айналысып жүрсіз ғой...      

– Иә, бірақ та менің кемшілігім шет тілін білмеймін. Алайда, менің өз айла-тәсілім бар. (күледі)

–  Ол қандай тәсіл? Әлде, бұл құпия ма?

– Айтайын.Голливудта Кэри-Хироюки ТАГАВА, Джон ЛИ және тағы басқа белгілі актерлармен бірге ойнаған едім. Әрине, кадрда ағылшынша  сөйлеуге тиіспін. Кинода бильярд ойнайтын көрініс бар еді. Айтатын сөздерімді шар мен кияға жазып қойып, ағылшынша сайрадым. Режиссер: «Нұраға, сіз ағылшынша біледі екенсіз ғой!» дейді. Ал мен: «Ант етемін, білмеймін.(күлді) Мәселе шарда» дедім. Бар құпиям осы. Кез-келген жағдайда актер деген атқа кір келтірмей жұмыс жасау керек.   

 «Құдай талант берген адам оқуға мұқтаж емес»

Читайте также
Латынға өтудің шығыны қанша?

 – Актердың ары дегеніміз не? Ол қандай жағдайда көрінуі керек? Ол жастарда бар ма?

– Жастардың жұмысын үнемі қарап отырамын. Кейбірі рөлдерін бүлдіріп алады. Екінші кинода да берілген рөлді өз деңгейінде алып шыға алмайды. Сосын сыналады. Сын естігеннен не шықты? Кейіпкер жасауда аз да болса алға жылжу болмаса.  

– Бұны сіз немен байланыстырасыз? Білімнің жетіспеушілігі ме?

– Құдай оларға  талант  бермеді. Жуырда теледидардан латвиялық композитор Раймонд ПАУЛСТЫҢ өнерін тамашаладым. Музыкант мынандай сөз айтты. «Барлығы жоғарыдан беріледі.(Саусағымен көкті нұсқап) Адамда дарын болады я болмаса болмайды. Осы екі-ақ нәрсе». Композитор шығарған әнін сахнаға шығару үшін тағы да бірнеше ай кететінін айтты. Демек,өңдеуге, жетілдіре түсу үшін тағы да еңбектенеді. Актерлар да солай. Олар қанжар қайрағандай әр кейіпкерін шыңдауы керек.

 

«Мен – халық мектебінің өкілімін»

Читайте также
Қазақстанда латын графикасында алғашқы басылым шықты

–  Нұраға, яғни бірінші кезекте диплом емес талант дейсіз ғой. Дарыны бар кез-келген адам актер бола ала ма?

– Иә, құдай талант берген адам оқуға мұқтаж емес. Сауатты болса болғаны. Сондай адамдар өз саласында таңғажайып дүниелерді жасайды. Дипломы бар мамандар өз кәсібін біледі, техникалық тұстарына жетік. Алайда, кесек дүниелерді өмірге әкелмейді. Ішкі дүниелері бос қой. Тағы бір адамдардың категориясы бар. Олар – ұрылар мен алаяқтар.Өмірге өте икемді. Бірақ жұмыстағы жетістіктері уақытша. Бес-алты фильмде көрінер, содан кейін аттары естілмей қалады.  

Сондықтан да режиссерлар актер таңдағанда мұқият болуы керек. Олардың қарым-қабілеттерін тексеру керек. Кейбір жас актерлар түсірілімге айтатын сөздерін жаттамай келеді. Сол жерде отырып алып, оқи бастайды. Бұл миға кірмейтін масқаралық. Солар үшін ұяласың. Түсірілім алаңында режиссермен ақылдасып, рөлді жетілдіру жағын ойластыру керек емес пе. Сондай кезде жауапсыз актерлардың жүзіне қарағым да келмейді. Теріс бұрылып кетіп қалам. Мен Қазақстанда болсын, Италия, Францияда болсын бір-екі ғана дубль жасаймын. Голливудта маған таңғалып, сіз қандай мектептен шықтыңыз деп сұраған. Мен: «халықтық» деп жауап бердім.

– Сіз айтып отырған жауапсыз әріптестеріңіздің кесірінен түсіру алаңында жұмыс тоқтап қалған кез болды ма?

– Иә. Режиссерға  мына актерыңыз дұрыстап дайындалсын содан кейін мен келемін деп айтқан кездерім болған. Жас кезімде өз жұмысыма жауапсыз болған емеспін. Менің өнердегі ұстаздарым – Нұрмұхан ЖАНТӨРИН мен Шәкен АЙМАНОВ. Шәкен аға дайындалмай келген актермен жұмыс жасамайтын. Сценарийді лақтырып жіберіп, кетіп қалатын. 

«Кейбір режиссерлардың жұмысына тыйым салу керек»

Совет кинематографиясының мұрасына қалай қарайсыз?

– Совет кезінде кәсіби тұрғыда тамаша фильмдер түсірілді. Ол кездегі шығармашылық ұжымдардың жұмысы жайлы жылы естеліктер айтуға болады. Ғұмыры ұзақ туындылар түсірілді ғой. Ол кинолар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.  

Қазір сценарий оқылғасын бірден кино түсіруге рұқсат беріле салады. Көркемдік кеңес жұмысқа араласпайды. Картина бітпей жатып, оны Кан фестиваліне жөнелту жағы жоспарланады. Түсіру алаңындағы режиссерлар өздерінің режиссер екендіктерін дәлелдегісі кеп жатады. Фильм жайлы ойламайды. Менікі дұрыс дейді!

– Кезінде режиссерлар совет  идеологиясына бағынышты болды. Ал қазір ше?

– Қазір әркім ойына келгенін істеп жүр. Бізде тұтас ұлтты қорлайтын фильмдер түсіріліп жатыр.Сондай сорақы  кино түсіретін  режиссерларды тоқтату керек. Олар көрерменді таңғалдырамыз деп өзгеше түсіруге талпынады. Онысы кино өнерінің талаптарына сай болмай шығады. Барлық ойлары халықаралық фестивальден бәйге алу. Алайда, ол жақта отырғандар ақымақ емес қой.  

 «Олардікі баланың ойыны, дұрыс кино түсіре алмайды»

Читайте также
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жемқорлыққа жол ашады

– Шетел көрерменін өзіне тарту үшін қазақ киносы қандай болу керек? Не көрсетуге тиіс?

– Біздің салтымызды, тұрмысымызды, мәдениетімізді. Қазақтың көне мәдениеті батыс үшін таңғажайып дүние. Бұрындары қалыңдық күйеу жігіттің жүзіне тура қарамаған ғой. Өз абиырларын сақтаған. Молда некені қимағанша күйеу жігіт қалыңдыққа қолының ұшын тигізбеген.

– Нұраға, жас режиссерлар халықаралық кино кеңістігіне енгісі келеді ғой. Шетелдік әріптестерінің тәжірибесін  алып дегендей... 

– Қабылдай берсін. Ол дұрыс. Әйтсе де, әр нәрсенің өз мөлшері болады.   

– Қазір отандық кинодан Қайрат НҰРТАС, Бүркіт сияқты эстрада өкілдерін жиі көретін болдық. Бұған қалай қарайсыз?

–Мен оларды әнші деп те есептемеймін. Ал олар киноға жабысып әуре. Кино – ұлттың төлқұжаты. Баланың ойынымен айналыса берсін. Бәрібір дұрыс кино түсіре алмайды. Бір кездері маған режиссер бол деген ұсыныс түскен.Бірақ мен актермын.Үнемі өз шеберлігін шыңдап, өз кәсібилігін арттыратын. Әр нәрсенің басын шалмай, бір саладан жетістікке жеткен абзал. 

«Аға, бас тартуға асықпаңыз, партнерыңыз Жерар Депардье болады»

– Нұраға, сіз жарнамада көп көрінбейтін  аға буын өкілдерінің бірісіз. Жерар ДЕПАРДЬЕ екеуіңіз бірге түскен ролик көпшіліктің есінде. Сіз өнерді жоғары бағалайсыз. Актерлық жолда алған тәрбиеңіз басқаша. Жарнама сияқты ұсақ-түйек шаруаға қалай мойын бұрдыңыз?

– Сөзіңнің жаны бар. Алайда, жақсы жарнаманы да шығармашылық жұмысқа жатқызуға болады. Бұл жерде ұжым қандай болады өте маңызды. Егер бұл істің басында мықты режиссер, мықты әріптесің болса, келісуің керек. Сіз айтып отырған жарнамаға түспес бұрын режиссер Алексей БЕРКОВИЧТЫҢ бір ролигінің кадрдан тыс мәтінін оқып бергем. Бір жолы: «Нұраға, банк туралы жақсы сценарий жаздым», – деді.Мен бірден: «Енді жетпегені осы еді. Леша, ренжіме. Мен түспеймін,» – деп қысқа қайырдым. «Аға, бас тартуға асықпаңыз, партнерыңыз Жерар ДЕПАРДЬЕ болады», – деді Леша. «Кеш келген махаббат» кино картинасында бірге түскен кез еді ғой. Мен Жерардың кино алаңындағы жұмысына тәнті болғам.

– Қазір жарнамаға түсіп жүрсіз бе?

 

– Жоқ, бас тартам. Жастар айналыссын.

Бүгінгі  жарнаманың деңгейіне көңіліңіз толмайтын да шығар?

– Иә, деңгейі түсіп кетті. Менің бас тартуымның бір себебі осы.

«Менырымшыл адаммын»

Читайте также
Қазақша сөйлетудің «рузалық» тәсілі

–  «Кеш келген махаббатты» түсіру кезінде Жерар Депардьемен дос болып кеткеніңізді айтып едіңіз. Хабарласып тұрасыздар ма?

– Иә, достасып кеткен едік. Мейрам күндері хабарласып тұрамыз. Жерар бала сияқты адам. Құдай деніне қуат берсін. Күлкісі, айтқан әзілі қандай десеңші! Біз алғашқы кадрға түскенде-ақ, бір-бірімізді түсінісіп кеттік. Бір жолы ол таңертең ұшақтан түсе сала маған қоңырау шалды. Менің 10-11 ге дейін ұйықтайтыным бар. Ұйқылы ояумын. Жерардың орысшасы нашар. Не айтып, не қойғанын түсінетін емеспін. Бір кезде аудармашысы Арно телефон тұтқасын алып: Жерар Нұржұман бауырымды көрмесем кері ұшпаймын деп отыр», – деген еді. Сөйтіп кездескеніміз бар. 

– Тимур БЕКМАМБЕТОВТЫҢ  «Дневной Дозор» киносына түстіңіз. Бұндай фильмдерге қалай қарайсыз? Нақтырақ айтқанда ырыммен байланысты туындыларға.  

– Мен – ырымшыл адаммын. Киноға түспес бұрын ата-бабамды еске аламын. Әруақтың жебеп жүретінін ғылым дәлелдеді емес пе. Сондықтан әруаққа сыйынам. Бастаған ісім оңды болады.   

 «Жасырмаймын, мен – табысты актермын»

– Рүстем ӘБДІРАШЕВТЫҢ «Сталинге сыйлық» киносында Қасым ақсақалдың рөлін сомдадыңыз. Қасым ата жер аударылып келгендерге-ақ пейілін танытады.  Жалпы, бұл кино туындыда қазақ халқының қонақжайлығы жақсы көрсетілген. Ал қазір ше? Бүгінгі күні адамдар мейірімсіз дейді...

 

 – Қазақ халқы қазір де меймандос. Бұны мен сенімді түрде айта аламын. Бұл қасиет барлық қазақстандықтардың бойында бар. Өзге ұлт өкілдері де осы қасиетті бойларына «жұқтырды». Шет елге шыққанымда қазақтарды жүріс-тұрысынан-ақ танып қоям. Бізді ешкіммен де шатастыра алмайды (күледі).

-Нұраға, в завершении нашего разговора, простите за банальный вопрос: вы продолжаете служить своему делу жизни? Работаете?

– Юля, маған көп тапсырыстар түседі. Жасырмаймын, мен – табысты актермын. Бүгінгі күні режиссерлар дәрменсіз болып барады. Үнемі біреулерге кіріптар. Кейде бір күнге 3 мың доллар төлейтін  тапсырыстар аламын. Алайда, менің жұмысымды көрген соң қаламақымды 7 мыңға дейін көтереді. Кейде қаламақыңызды түсіресіз бе деп саудаласатындар болады. Ондай кезде: «Жігіттер, менімен саудаласып тұрсыңдар, ал жас актерлар жұмысына қанша төлейсіңдер сонда?» деймін.

Мен қашанда өз жұмысымда әділдік, адалдық, ұят пен құрметтің болғанын қалаймын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Суд приговорил Боровикова к девяти годам лишения свободы
- Сергей здравствуйте, Вами проделана огромная работа, за что Вам лично выражаю ОГРОМНОЕ спасибо. Ваши статьи по настоящему освещали судебный процесс. Я как простой читатель Вам благодарен. Семье потерпевших выражаю ГЛУБОЧАЙШИЕ соболезнования.
В Алматы объявлены в розыск нотариусы-мошенники
- Нонсенс заключается в том, что прокурором Медеуского района до настоящего момента неисполнено частное определение Медеуского районного суда, которым суд требовал принять в отношении Рыскали и Кожахмет надлежащие меры уголовно правового характера. Вопрос: а почему прокурор Медеуского районна такой лояльный к указанным выше ммошейникам. И почему в период его руководства, все заявления в отношении данных лиц спущены на тормазах.
Будет ли новая элита наурызить и байконурить Казахстан
- Супер,все в тему! Айдос показывает и доказывает, что есть политические реалии. И что делать!
Куда нас тащит путь Абаева
- Согласна полностью. Не понимаю, почему он до сих пор занимает эту должность. Аналогичный маразм, который исходит от растущего числа религиозников и нравоучителей, говорит о том, что как раз таки надо усиливать работу над пропагандой семейного института, ужесточением наказания семейным добеширам, безответственных алиментщиков и т.п. Какое глупое и бездарное решение- запретить показ мультфильма.
Жители отдалённого района ВКО заставили золотодобывающую компанию приостановить работы
- 7 жылдық жұмыс үшін , ауылға қаншама зиянын тигізеді. Бұл фабриканың салынуына жол бермеу керек. Ауыл ойықта орналасқан, Таудан соққан желдің әсерінен бүкіл шаң, газ ауылға келеді. Ауыл тұрғындары арамен, малдың арқасында өмір сүріп жатыр. Егер фабрика салатын болса мал жайлымыда қалдмайды.
О мелочном жлобстве элиты Казахстана
- Өте дұрыс айтылған, Бас иемін, бәленің бәрі осыдан басталады.Рахмет !
Первые люди в долине Или: ниже Капчагая обнаружены каменные орудия, сопоставимые с древнейшими артефактами Земли!
- Добрый день! С точки зрения археолога-палеолитчика, знающего, что такое олдованская культура, могу сказать, что материал интересный. В данный момент занимаемся раскопками стоянок верхнего палеолита в предгорьях Заилийского Алатау. Поэтому есть возможность более детально изучить данные местонахождения. Как можно связаться с автором? Мой мэйл: dim_as_oj@mail.ru