Қаз   Рус

Латынға өтудің шығыны қанша?

2942 қаралды
0
Вадим БОРЕЙКО
Пятница, 03 Ноя 2017, 16:30

Бұл реформаға шамамен қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз күйде басталмақ

Читайте также
Казахская интеллигенция против перехода на латиницу

Толғауы ұзақ латын әліпбиі

Қазақ тілін латынға көшіру мәселесі ғасыр басында бірнеше рет көтерілген. 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының 12-ші сессиясында президент те айтқан болатын. Екі жылдан кейін әліпби ауыстыру туралы шешімді қабылдау «келешек ұрпаққа» қалдырылған. Бәлкім, экономикалық дағдарыс таяп қалғанда оған мойын жар бермеді.

2011 жылы латын жайлы әңгіме мәжіліс қабырғасында айтылды. Қыркүйек айында депутат Тәңірберген БЕРДОҢҒАРОВ: «Бүгін қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесін шешу керек. Грамматиканы жеңілдету тұрғысынан өзгертілуі тиіс» деген.

2012 жылы мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» бағдарламасында 2025 жылы латын әліпбиіне көшу туралы айтып, ол жөнінде тапсырма да берді. 2013 жылдың ақпан айында БАҚ-да ақын Мұхтар ШАХАНОВ бастаған, 66 қазақ интелегенциясының өкілі «Біз латынға өтуге қарсымыз»  атты ашық хаттарын  жариялаған еді.  

Қош, сонымен 2017 жылдың сәуір айында президент Н.НАЗАРБАЕВ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін тапсырды. «Жалпыхалықтық талқылау» БАҚ, әлеуметтік желіде жүріп жатты. 11 қыркүйек күні парламентте депутатардың, үкімет мүшелері, тілші ғалымдар, әліпби авторлары, тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. 26 қазанда Елбасы жаңа әліпбиді бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Жаңа әліпбиге қатысты ортақ пікір бар

Ресми түрде графиканың өзгеруі қазақ тілі дыбыстарының кириллицадағы жеткіліксіз түрде берілуі, сонымен қатар, мемлекеттік тілдің жедел түрде әлемдік сандық кеңістікке интеграциялануы болып табылады. Алайда, кейбіреулер басты себеп тек мұнда ғана жатқан жоқ деп санайды.

Читайте также
Сколько будет стоить латиница

Алдымен, олар Владимир ПУТИННІҢ әскери сыртқы саясатына және Ресей «империясының» қалпына келтірілуімен байланысты болған жағдайлардың салдарына сілтейді: Еуразиялық экономикалық одақтың сауда-саттыққа байланысты, ақталмай қалған үміттері, батыс санкциялары, Ресейдің ЕАЭО құрамындағы өзге мүшелерін елемеу: «үлкен ағасының» қайтып келуін құптамау; Донбастағы сценарийдің Солтүстік Қазақстан облыстарында қайталануынан қауіптену; егемендікке төнген қауіпті сезіну.

Ресми Астана Мәскеумен достығын көрсетіп қалуды жалғастырғанымен БАҚ-рын, әлеуметтік желіні қарап отырып, антиресейлік көңіл-күйдің көбейгенін байқайсыз. Солтүстік көршіге деген сенімсіздіктерін білдіріп, «орыс әлемінен» алыстауға, олардың кез-келген атрибуттары мен әліпбиінен де қашық болуға талпынады.

Кез-келген мәселеде ауыз біршілік танытпайтын қазақтілділер латын мәселесінде пікірлері бір жерден шығып отыр. Тек латын графикасының нұсқасына қатысты түрлі көзқарас бар. Негізі, жаңадан тіл үйреніп жүрген адамды  әліпбидің ауысуы үлкен күйзеліске түсіреді. Бұл жерде тек, лингвистикалың қана емес экономикалық мәселеде бар.

2013 жылы жолдаған хаттарында зиялылар латынға өтудің қолайсыз тұстарын айтып, ескерту жасаған. Соның бірі: «Осы күнге дейін елімізде миллиондаған кітаптар мен тарих, мәдениет саласындағы ғылыми еңбектер кирил ғарпімен шықты. Өскелең ұрпақ латынға өтсе осылардың барлығын оқи алмай қалады.

Әзірбайжан мен Өзбекстанның латынға өтуде қандай кедергілерге тап болғаны баршаға аян. Мысалы, Өзбекстанда 100 мың данамен шыққан газеттер 3000-5000 мыңға азайып кетті. Кейбірі 1000 данамен ғана шығатын болып қалды. Бізде де осы жағдай қайталануы мүмкін. Компьютер заманында өмір сүрсекте, жоқ дегенде кітаптардың 10 пайызын латынға түсіру керек. Оған миллиардтаған теңге кетеді. 

...Біздің мәліметімізше қазақтардың 60 пайызы қазақша жазып және оқи алмайды. Осындай жағдайда латынға қалай өтеміз? Енді қазақты әріпке бөлу қалды. Бұдан бұрын, 2011 жылы «МК-Казахстан» мен «Экспресс К» газеттерінде осы тақырыпта ой қозғағам. Өз болжамдарымды жасап көрген болатынмын. Сол бір ескі жазбаларымды тауып алып, қайта қарап шықтым. 

«Тіл қолданушылар ағылшын, неміс, түрік транскрипциясын жақтаушылар болып, бірнеше топқа бөлінеді. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі қайсына келеді деген сауал туындайды. Әріп белгілерге қатысты күрес басталады. Әліпби ауысудағы жұмсалған қаражатқа қатысты жазғырулар болары хақ. Қысқасы, наразылар тобы болады. Неше түрлі филологтар мен лингвисттер пайда болып, ережелер толық қабылданғанша қоғамның екі-үш буын өкілі шала сауаттыларға айналады». 

Атқарылатын шаруа шаш етектен

Читайте также
Президент подписал указ о переходе с кириллицы на латиницу

Тағы бір сұрақ: не істеу керек және оның құны қанша?

Конституцияны, заңдарды, түрлі актілерді, халықаралық келісім шарт, стенограмма, парламент пен үкімет отырысы мен мемлекеттің басқада құжаттарын латынға түсіру қажет. Ақордадан бастап ауыл әкімдіктеріндегі құжаттарға дейін қайтадан жаңа әліпбиге түспек. Бұған мектеп пен ЖОО-ның оқулықтарын, жағрафиялық карта мен әдеби классикалық шығармаларды да қосыңыз. (Ресми мәлімет бойынша, 1940 жылдан кирил ғарпімен миллион кітап басылып шыққан. – В.Б.) Барлық ұйымдардың құжаттары, мектеп, аурухана, ЖШС-дан бастап ұлттық компаниялардағы іс қағаздар, көшедегі билбордтар және бар.

Жаңадан ақшаларды да басып шығу керек болады.

Тұрғындардың құжаттары айырбасталады. Жеке куәлік, медициналық карта, ЖСН, зейнеткерлік, банкілік келісім шарттар және т.б.

Біз тізіп шыққан қыруар шараның өз салқыны бар. Мемлекеттің қазынасына да, тұрғындардың қалтасына да әсер ететін болады.

Бұның барлығы жуық арадағы сегіз жылда басталады. Ал оған қанша қаражат жұмсалады? Латын әліпбиіне өтуді қолдап жүргендердің бірінде бұл жөнінде ауыз ашқан жоқ. Шамамен қаржы мөлшерін есептеудің өзі қорқынышты. Өйткені, шығын жайлы сөз болса жоғарыдағылар бұл бастамадан бас тартулары ықтимал.   

«Аз қаражат кетпейді»

Алты жыл бұрында латынға көшудің шығындары жайлы ешкім айтпады. Қазірде нақты қанша кететін айтуға ешкімнің тәуекелі жетпей отыр. Алайда, көп қаражат жұмсалмайды деген уәделер бар.11 қыркүйек күні парламент тыңдауы өткенде премьер орынбасары Ерболат ДОСАЕВ: «Елеулі қаражат кетпейді деп болжаймыз. Бұл шаруаны қолда бар бағдарламалар аясында атқарамыз. Ол ақшалар осындай жағдайларға қарастырылған» деді.

Читайте также
Қазақстанда латын графикасында алғашқы басылым шықты

Ұлттық экономика министрі Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ болса: «Латынға 2025 жылы толық өтіп бітеміз. Бізде үш жылдық бюджет бар». Сондай-ақ, ведомство басшысы көп қаражат шашпаймыз деп нықтап айтты: «Ғылым саласы мен сарапшыларға арналған қаражат көп емес... Міне осыларға аз ақша бөлінген. Қалғандары мазмұнды реформалар барысында жүзеге асады».

Десе де, 12 қыркүйек күні 2018-2020 жылдарға бюджетін таныстыру кезінде «латын әліпбиіне» келесі жылға 300 млн теңге бөлінгені белгілі болды. 2019 жылға да осындай сома бөлініпті. Бұдан басқа мәлімет жоқ. Қызық міне осы жерде басталады. Ғаламат реформа әбден ойластырылған бизнес план түгілі, шамамен қанша инвестиция жұмсалатыны белгісіз күйде басталмақ. Бұл бағыт-бағдарды білмей теңізге шығумен бірдей. Бұл біздің әдеттегідей «қазір бастай береміз, сосын көреміз» деген бейғам әдет. 

Фото: inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.