Қаз   Рус

Бізде әлі бірыңғай ұлт қалыптасқан жоқ

450 қаралды
0
Мұхтар СЕҢГІРБАЙ
Пятница, 12 Янв 2018, 18:00

Саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай Қазақстан президентінің Жолдауы туралы

Президенттің ұлттық бірегейлікке байланысты ұстанымы бұрыннан белгілі. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың бірнеше тілді меңгерген, толерантты, білімді, зайырлы халық болғанын қалайды. Бұл ұстаным Қазақстанның 1995 жылы қабылданған Конституциясында да, одан кейінгі түрлі бағдарламалар мен құжаттарда да көрініс тапқан. «Үштұғырлы тіл» бағдарламасы да сол ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы бір қадам екені белгілі.

Оқи отырыңыз
Биыл экономикамызды қандай қауіп-қатер күтіп тұр

Әлбетте мұнда қазақ тіліне, дәстүр-салты мен тарихына ерекше орын беріледі және Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы соны негізге ала отырып қалыптасады. Түрлі саяси конъюнктураны ескере отырып, ел алдында сөйлеген сөздерінде, бағдарламалық құжаттарда президент ұлттық мәселеге байланысты теңгерімді саясаттың белгілі бір бағытына акцент жасап отырады.

Соның ішінде мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын жиі қайталайды. Бұл жолы орыс тілінің қоғамдағы орнын сақтап қалуға неге баса мән берді? Мұнда сыртқы және ішкі факторларды атап өту керек.

Сыртқы фактор - Ресей. Жер бетіндегі ең ұзын әрі лайықты түрде қорғалмаған шекара - Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара екенін еске ұстау керек. Қырымдағы, Шығыс Украинадағы жағдайдан соң Ресейдің сыртқы саясаты болжап біле алмайтындай, агрессивті бола бастады. Кремль «отандастарының» құқықтарын қорғауда барлық әрекеттерге барудан тайынбайтынын дәлелдеді. Оның үстіне АҚШ бастаған елдер популистік протекционизм мен ұлтшылдықтың жетегінде кетіп, Қазақстан сияқты шағын елдер үміт артып отырған либералды әлемдік тәртіп қожырай бастады. Осындай жағдайда көршінің қабағын аңдып, оның көкейіндегісін дөп басып отыру аса маңызды.

Ішкі факторға келсек, шетелдік сарапшылардың көбі Қазақстанда қазақ ұлтының бірегейлігіне негізделген мәдени ұлт қалыптасып жатыр деген тұжырымға келіп отыр. Орыстілділердің елден кетуі, қазақ ұлтының табиғи өсімінің жеделдеуі «қазақтандыру» саясатын жылдамдатып, орыстілділерді азшылыққа айналдырып жатыр. Ал бұл бұрыннан қалыптасқан тепе-теңдікті өзгертіп, орыстілділердің арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін. Сондықтан, бұл - орыстілділердің құқықтарының қорғалатынына мемлекеттің беріп отырған кепілдігі десек болады. Бұл өзге ұлт өкілдерінің жаппай көшуіне, «Қазақстанда ұлттық мемлекет қалыптасып жатыр» деген сөзді жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің бірі.

Сөздің шыны керек, бізде әлі бірыңғай ұлт қалыптасқан жоқ. Әртүрлі әлемде өмір сүріп жатқан екі халық бар, олардың арасында мәдени, ақпараттық, рухани байланыс әлсіз. Сондықтан, үкімет халықты өзара интеграциялаудың бір жолы - үш тілді қатар меңгеру деп санайды. «Өзге ұлт өкілінің сайлануына мүмкіндік бар» деген сөз де Қазақстанның азаматы санайтын әр адамды тағдырын осы елмен байланыстыруға шақыратын әрекет. Шынымен, лауазымды қызметтерге тағайындауда ұлтына, жынысына, тегіне және басқа ерекшеліктеріне қарап алалауға болмайды.

Термин жасау мәселесін жалпы қазақ тілінің мәселесі ауқымында қарастыру керек. Қазақ тілі ғылым мен технологияның тілі болып қалыптасып біткен жоқ. Ғылым салаларында қолданылу аясы енді кеңейіп келе жатқандықтан, түрлі терминдерді жаңадан қолдана бастадық. Сондықтан, термин жасауда үлкен проблемалар туындап жатыр. Меніңше, қазақ тілінің қолданылу аясы кеңіп, толық ғылым мен білімнің тіліне айналғанда, тиісті терминдер өз-өзінен екшеліп, жүйеленіп шыға келеді.

Мұның көп тетігі мемлекеттің өз қолында тұр. Меніңше, Үкімет жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы сияқты мемлекеттік ұйымдарға көбірек өкілет беріліп, олар ғалымдармен кеңесе отырып, терминдерді бір ізге түсіруі керек. Президенттің неліктен «қолтырауын», «ғаламтор» сияқты сөздерді мысалға келтіргені түсініксіз. Себебі, бұлар біршама сәтті шыққан аудармалар сияқты көрінеді. Ал «ғаламтор» «Интернет» сөзінің аудармасы емес, әдеби баламасы ретінде қолданылады. Ол - ағылшынның Worldwide web (Всемирная паутина) сөзінің аудармасы.

Жемқорлықтың тамырына балта шабуға мүмкіндік бермей отырған басты екі фактор бар. Олар - біздің ішкі мәдениетіміз және жалпы қоғамдағы [соның ішінде үкіметтегі) басқару жүйесі. Ішкі мәдениетті өзгерту үшін басқару жүйесі, оның ішінде қоғам алдындағы есептілік, бюджеттің ашықтығы өте маңызды, сонымен бірге билік тармақтарының теңгеру және тежеу функциялары дұрыс іске қосылуы керек. Парламенттің қолында атқарушы биліктің іс-әрекеттерін тексеріп отыратын құзырет болуы керек. Сонда олар тек парламент сағаттарында сұрақ қоюмен, депутаттық сауал жолдаумен, Бюджеттің орындалуы жөніндегі есеп комитетінің есебін тыңдап, оған пікір білдірумен шектелмей, бюджетке қатысты салақтыққа жол бергендердің қателіктерін көріп,  дер кезінде тиісті органдарға хабарлап отырады. Әрине, цифрландыру мемлекеттік органдардың ашық жұмыс істеуіне үлкен мүмкіндік береді. Бұл - жемқорлықты жоюдағы ерекше қадам. Сондықтан, жергілікті жердегі, шағын мекемелердегі жемқорлыққа біраз тосқауыл қойылары анық. Бірақ, саяси жүйеде, қоғамның санасында фундаменталды өзгерістер болмайынша, оны жеңу қиын.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.