Сақалдылар жер сатылады дегенде бұғып жатады
Біздің кейбір жігіттер шешінген қыздарға ғана əлі келеді.
Біздің кейбір жігіттердің түнгі клубты жаптыруға ғана күші жетеді!
Біздің кейбір жігіттердің: "ананы жазбайсың ба, мынаны бүйтіп жазбайсың ба?"- деп қазақ қыздарын айдақтауға ғана əлі жетеді! Ал нағыз үн қататын кезде, көрге тағылған көр тышқандар сияқты қыздарды алға жіберіп қойып қарап жатады. Сен неге жазбайсың деп! Біздің кейбір сақалды жігіттеріміз жер сатылады дегенде бұғып жатады. Біздің кейбір батыр жігіттеріміз Бекболат пен суретке түскен оралмандар қамалып жатыр десе үн шығармайды. Біздің кейбір ұлтжанды жігіттер ұлттық қордағы 22 миллиард қайда кеткенін сұрамайды!
Оның бəрін мен сұрауым керек екен!
Сонда сендер не үшін шалбар киіп жүрсіңдер? Əлдерің тек қыздарға жетеді ме?
Дереккөз: Айгүл Орынбектің Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: Facebook.com