Қаз   Рус

Салтанат Байқошкарова: Қыздар несиесін өтеу үшін аналық жасушасын тапсыруда

1502 қаралды
0
Ратель
Четверг, 18 Янв 2018, 11:00

Маманның айтуынша, елімізде бала туатын уақытты өткізіп алған келіншектер көп

Қазақстанда өз еркімен аналық жасушаларын донорға тапсыратын қыз-келіншектер аз. Сол себепті жасанды ұрықтандыруға келетін әйелдерге донор жасушалары табылмай жатады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың айтуынша, елімізде бала туатын уақытты өткізіп алған қыз-келіншектер көп. Бұдан бөлек, саналуан сырқаттардан кейін бала көтере алмайтындар да аз емес.

«Бізге 40-тан асқан әйелдер келеді. Баласы апаттан, болмаса, аурудан қайтыс болған аналар да бар. Олар қайғырып, ұзақ жүріп қалады. Ауру-сырқатын емдеп жүріп қалатындар да бар. Ондай әйелдердің аналық жасушасы (яйцеклетка) аз болады. Олар тек донорлық жасушалармен ғана бала көтере алады. Жақын апа-сіңілері де өз аналық жасушаларын беруге көп келісе бермейді. Өйткені донорлық жасушаларды алу үшін көп препараттар егу керек. Адам ағзасына үлкен салмақ түседі. Осындай жағдайда донорлық жасушаларды табу қиын», - дейді С.Байқошқарова. Ғалымның айтуынша, бүгінде аналық жасушаларды сақтайтын креобанк бар. Бірақ оны кеңейту керек. Себебі донорлық жасушалардың тапшылығы барынша байқалады.

«Мысалы, Америкада донорлық жасушаларды күйеуге тимеген, бала тумаған 20 жастағы бойжеткендерден алады екен. Америкалық профессор колледж «студенттерінен аламыз» дейді. Олар 10 мың доллар береді екен. Бізде ондай ақшаны кім береді? Онда елдің бәрі жұмысты қойып, донор болады ғой. Бізде көп болса, 200-300 мың теңге. Сол үшін ақша аламыз деп барады. Өйткені несиесін жабу керек. Баласына бірдеңе әперу керек. Негізі, донорға бәрі бірдей келе бермейді», - деп атап көрсетті С.Байқошқарова. Оның ойынша, бүгінде аналық жасушаларды тапсыратындарды қатаң іріктеуді қолға алу қажет. Қазіргі кезде бір бала туған әйелге ғана донор болуға рұқсат бар. Оған қоса, тек жас келіншектер ғана аналық жасушыларын тапсырса, сан алуан түсініспеушіліктердің алдын алуға болады. Жалпы, бүгінде Қазақстанда аналық жасушаларды тапсыру да, салу да құпия түрде жүргізіледі. Ондайда жасушаны тапсыратын және алатын адам бір-бірін білмейді.   Айта кетейік, бүгін Астанада өткен конференция аясында С.Байқошқарова жасанды ұрықтандыруды барынша арзандатуға болатынын жеткізді. 

Фото:100esim.el.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.