Бүгін Алматыда әдеби байқаудың марапаттау рәсімі өтті
Сыйлық отандық әдебиетті дамытуға септігін тигізіп жатқан жазушы-қаламгерлерге берілді. Жеңімпаздар "Алтын қалам" байқауының ұйымдастару комитеті мен Әлеуметтік экономика және саясат институты бірлесіп жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды.
Биыл сегізінше мәрте беріліп жатқан әдеби жүлде 5 номинация бойынша табысталды.
"Жылдың ең үздік баспасы" аталымы бойынша "Өлке" баспасының директоры Мереке Құлкенов марапатталды.
Ал әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін "Жылдың үздік меценаты" номинациясы ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясының төрағасы Бауыржан Оспановқа бұйырды.
Еске сала кетейік, әдеби байқауды 2009 жылы белгілі азаматтар: Айдос Сарым, Досым Сатпаев, Расул Жұмалы және Қуат Домбай ұйымдастырған еді.
Фото автордікі.