Қаз   Рус

Айтысқа дейінгі айтыс

210 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Четверг, 14 Дек 2017, 13:30

Ол айтысты әуелде Жүрсін аға өткізбек болған екен де кейіннен жолын тауып Балғынбек ағамыз ұйымдастыратын болыпты

Осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған «Алтын домбыра» республикалық айтысы бүгін Ақтөбе қаласында өтеді. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отырған бұл айтысты Жүрсін ЕРМАН жүргізбейтін болған.

Оқи отырыңыз
Айтыс Жүрсіннің жемсауы

«Алтын домбыра» басталмай жатып айтысқа дейінгі айтыс баспасөз бетінде басталып кетіп еді. Бірінші жұп Жүрсін Ерман мен Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВ. Айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында жылда өткізіп жүрген «Алтын домбырадан» биыл алыстатылғанын айтты.

«Айтыс тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілетін. Уақыты жақындап қалды, министрлік үнсіз.Содан өзім хабарласқанымда, Айтысты министрлік өзі өткізеді. Жүргізушіні де, қазыларды да, ақындарды да өзіміз жасақтаймыз деген жауап алдым. Қысқасы, шаруаларыңыз болмасын деді ғой».   

Жүрсін Ерманның айтуынша, бюджеттен қаржыландыратын республикалық «Алтын домбыра» айтысы радикалды діни ағымның мүшесі делінген бірнеше айтыскерге тапсырылыпты. Сұхбат беруші ол айтыскерлердің нақты кім екенін айтпайды.

Тек, бұрын кедергі келтірген шәкіртін атап өткен: «Менің түсінбейтінім, айтыстың алдынан неге кедергі шыға береді? Хабарың бар шығар, төрт-бес жыл бұрын басқа бір дау шыққан. Былтыр Мұхамеджан Тазабеков бізден бір түсінбестік болған екен, қателік кетіпті, одақтың жұмысына кедергі жасамаймыз деп менен кешірім сұрап, келіп кеткен».

«Асыл арна» директорының аты аталғасын «Жас Алаш» тілшісі Мұхамеджан Тазабековтен де сұхбат алған. Айтыскер ақын айтысқа радикалды діни ағымдар жармасты деген сөз бұрын да айтылған дейді.

«...Бұл сөзді (радикалды діни ағым деген сөз) ақпарат құралдары дауласушы тараптардың ауызына шайнап берген болатын. Сол әдет болып қалды да,сол инерциямен тағы айтылып жатыр».

Сонымен қатар, Мұхамеджан Тазабеков биылғы «Алтын домбыраға» мүлдем қатысы жоқтығын айтты.

«Әрине, қатысымыз жоқ. Бекболат Тілеуханның да, менің де бұл айтысқа қатысымыз жоқ. Себебі осыдан он шақты күн бұрын мен Жүрсін ағаның үйінде қонақта болып, жалпы, осы айтыс туралы жылы пікірлерімді айттым»,- дейді ол.

«Айтыс» әлеуметтік желіде де қызып жатыр.

Мәселен, Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ деген Facebook қолданушы Ақтөбедегі «Алтын домбырадан» Жүрсін Ерманның тыс қалуына жанашырлық білдіріпті.  

«Айтысқа соңғы уақыттары Жүрсіннің айтысына шықпай жүрген ақындар қатысады екен. Яғни, айтыскерлер арасында екінші лига пайда болды деген сөз. Ақсақалдыққа аяқ басқанда Жүкеңнің тізгініне жабысатындар жиілеп кетті. Қайраты қайтты деп басынбай, бір кездері ағалап жүрген бауырлары айтыстың ақсақалының алдын кеспегені жөн еді».

Бұл пікірге қатысты қарсы уәж айтқандар да бар.

«Айтыс Жүрсін Ерманның шығарған жанры емес шығар. Ол бармаған жерде ақын сөйлемеуі керек деген қағида да жоқ. Қайта осындай шағын айтыстар көбейген сайын үлкен сахнаға шыға алмай жүрген ақындар көрініп қалады. Кез-келген жерде бәсекенің болғаны жақсы деп ойлаймын. Ал негізі Жүрсінге де, оған қарсы шығып жүрген дінпаздарға да қатысым жоқ» - деп жазды тағы бір желі қолданушы Артур ІЗБАСОВ.

Семейлік айтыскер ақын Фархат МАРАТҰЛЫ ақындардың екі топқа бөлініп алғанын жазады.  

Оқи отырыңыз
Айтыс табыс көзі бола алады

«Төрт-бес жылдай айтысқа шықпай жүрдім де, енді келіп қатыссам ақындардың арасы астаң-кестең. Өзара баталасып алған екі топ. Астанада "Руx жаңғырығы" деген айтысқа түстім. Онда барсам алдымнан Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА әпкем шығып, аман сәлем жоқ "Сені кім шақырды бұл айтысқа?!" деп шүйлікті. Тәуір сыйласып бауырым деп жүрген әпкеміздің дүрсе қоя бергенін ұқпадым. Мен спонсорлардың қатарындағы ағамды айттым. Жанында Балғынбек, Жандарбек, Сырым, Талғат пен Мұрадым в общем 8-9 ақын тұр бірге. Сөйтсем ол айтысты әуелде Жүрсін аға өткізбек болған екен де кейіннен жолын тауып Балғымбек ағамыз ұйымдастыратын бопты», деп жазды ол Facebook-тегі өз парақшасында.

«Алтын домбыра» республикалық айтысына жыл бойы елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған айтыс жеңімпаздары қатысулары керек болған. Олар: Аманжол ӘЛТАЕВ, Маржан ЕСЖАНОВА; Мэлс ҚОСЫМБАЕВ,Әсем ЕРЕЖЕ, Мұхтар НИЯЗОВ, Ринат, ЗАЙЫТОВ, Айбек ҚАЛИЕВ, Мақсат АХАНОВ, Еркебұлан ҚАЙНАЗАР, Жансая МУСИНА бастаған он алты ақын екен.

Бұл ақындардың барлығы мәдениет министрлігі ұйымдастырып отырған айтыстан сырт қалған. Алайда, дауға айналған биылғы айтулы сөз додасына басқа да айтулы ақындар қатысады екен. Олардың арасында Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА, Жандарбек БҰЛҒАҚОВ, Сара ТОҚТАМЫСОВА. Және Сырым ӘУЕЗХАН, Аслан ҒАФУРОВ, Әсет ДҮЙСЕБАЕВ, Талғат МЫҚИЛАР да бар.

Бұл айтысқа дейінгі айтыс. Енді айтыстан кейінгі айтысты күтеміз.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.