Қаз   Рус

Зэк-тің кемесі майорды «суға» батырды

986 қаралды
0
Ерболат АСЫЛБЕКОВ
Суббота, 27 Янв 2018, 16:00

Әйеліне сыйлық жасағысы келген Қылмыстық-атқару жүйесінің офицері сотталды

Әйеліне сыйлық жасағысы келген ақмолалық майор шенінен айырылып, өмір бойға қызметінен босатылды. Қылмыстық-атқару жүйесі саласында бірнеше жыл қызмет етіп, майор шеніне дейін жоғарылаған үлгілі қызметкер, 4 баланың әкесі тырнақтап жиған абыройынан бір-ақ күнде айырылып қалды.

Оқи отырыңыз
Аяз бизнестің жаңа көзін ашты

Ақмола облысы, Атбасар ауданы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация бөлімінің бастығы, юстиция майоры Ербол ЖАКИН мерзімінен бұрын босап шығып, 1 жыл 11 айға бостандығына шектеу қойылған С.А. ЯЦЕНКО есімді азаматты 22-00 ге дейін жұмыста болуына рұқсат беріп, есесіне сотталуышының ағаш кеме жасап беруін талап еткен.

Заңға сәйкес Яценко жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнында болмауы тиіс. Өзі ауызша рұқсат бере тұра, Жакин Яценконың кешкі уақытта жұмыста жүргеніне байланысты бөлім инспекторы С.Б.ЫСҚАҚОВ (Ол Яценкоға тікелей жауапты болған) ескерту айтады. Осындай жолмен майор өзінің заңсыз әрекетін жасырғысы келген. Ал, ескерту алған инспектор мән-жайды анықтау үшін Яценкоға хабарласқанда оның жұмыста түнге дейін жүруіне Жакиннің рұқсат бергенін естиді.

Бөлім басшысының әрекетінің заңсыз екенін түсінген Яценко 2017 жылдың шілде айының 31-күні Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне шағымданады. Жакин сұраған кемені көрсетілген мерзімде жасап бітіре алмайтынын білген Яценко дайын кемені 60 мың теңгеге сатып алып,келісілген күні Жакинға табыстайды. Сол жерде юстиция майоры ұсталады.

Жакин сол жерде де, сот залында да кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, ол кемені пара ретінде алмаған. Әйеліне сыйлық жасау үшін тапсырыс беріп, Яценкодан сатып алмақшы болған. «Яценконың жарнамасын әлеуметтік желіден көрдім» деген Жакин тапсырысы үшін 3000 теңге төлегенін алға тартты. Ал, Яценко болса, ешқандай ақша көрмегенін, тіпті, Жакиннің ақша төлейтіні туралы жақ ашпағанын айтады.

2017 жылдың 4-ші желтоқсанында Ақмола облысы, Атбасар аудандық сотына Ербол Жакинның ісі түседі. Пара ретінде сувенир ағаш кеме алды деген айыппен ҚР ҚК-нің 366 бабының 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Сот барысында сараптама қортындысы бойынша ағаш кеме 29 800 мың теңгеге бағаланған. Алайда, бұл юстиция майорын жазадан құтқармаған. 2018 жылдың 19-шы қаңтарында судья ШАРАПАТОВ А.А үкім шығарды.

Осылайша, әйелінің туған күніне сыйлық жасамақшы болған Жакин Ерлан Төлеубайұлы «Юстиция майоры» атағынан айырылып, өмір бойға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстваларында, ұлттық холдингтарда, компанияларда, институттарда жұмыс істеуіне шеутеу қойылды.

Сондай-ақ, ол 1 490 000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Фото: yandex.ru.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.