Асылбек Мусинның өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады
Мемлекет басшысының ең жақын саяси серігінің бірі болған, Президент әкімшілігінің бұрыңғы басшысы Аслан МУСИННЫҢ ұлы белгісіз жағдайда Латвия астанасы Ригада дүние салған. Ratel.kz бұл суыт хабардың растығын сенімді дереккөзі растады.
Отыз сегіз жастағы Асылбек МУСИН «Ізгі амал» қоғамдық бірлестігін басқарған. Сонымен қатар, Қазақстандағы «құраншылардың» жетекшісі деп аталатын.
Атыраудағы «Ізгі амал» бірлестігінің жасаған жұмыстары "Контур" порталында жарияланып жүрді. Порталдың ақпаратына сенсек елімізде мыңдаған құраншылар өз уағыздарын «Наш мир» сайты арқылы жүргізіп отырған. Құраншылар радикал исламисттерге қарсы шығар жалғыз күш екендерін де мәлімдеген болатын.
Асылбек Мусин көпшіілк есінде өзінің уағыздарымен қалды. Мәселен, 2009 жылы «Литер» газетіне берген сұхбатында хадис, сүннәт, имжаның Құранға қайшылығын айтқан болатын. Соңғы пайғамбар дүние салғаннан кейін ғұламалар пайғамбарларын, сахабалар мен дін көсемдерін қасиеттеп дербес дін жасап алды деп айтқан болатын.
Сондай-ақ, құранда намаз жайлы сөз айтылмаған. Намаз оқудың қажеті жоқ деген сөзі де талай пікір таласты тудырған еді. Youtube.com желісінде уағыздары да жариялана бастаған-ды.
2012 жылы қызметтен кеткен Атырау облысының бұрыңғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ кіші Мусинның жақтасы болды деген сөз бар.
Асылбек Мусинның әкесі – Аслан Мусин, экономист, белгілі саяси қайраткер. Қазір зейнеткер. 2008-2012 жыл аралығында Президент әкімшілігін басқарды. Сол жылдары ұлының діни уағыздары кеңнен тарала бастады. Кейбір ақпарат көздері Аслан Мусинның жылы орнынан кетуін 2011 жылғы Жаңаөзен қанды оқиғасымен байланыстырды. 2012 жылы Есеп комитетінің басшылығына ауысса, 2014 жылы Хорватияға президенттің шешімімен елші болып кетті. Ол осы жылдың қаңтар айында зейнетке шыққан болатын. Әкесінің қызметі түскен сайын құраншы баланың аты да аз естіле бастаған.