ОҚО-да тізе берсең проблема шаш етектен, сондықтан бізге жұмыс жасайтын жаңа әкім керек!
Оңтүстікте туалет жөндеуден басқа проблема жоқ па, ТҮЙМЕБАЕВ?
Əлде, туалет соғатын компания танысыңыз ба?
Президент əкімшілігінің назарына!
Біздің облысқа жаңа əкім жіберіңіздер!
Оңтүстікте проблема толып жатыр, ал əкім болса туалет түгендеп жүр!
Проблеманың бірнешеуін тізіп жіберейін Елбасыға жеткізіңдер!
1. Түркістан қаласы əлеуметтік мекеме қызметкерлері басшыларына қарсы шығып, бұл дау Астана каналынан көрсетті.
2. Шымкент қаласы Дін зерттеу орталығының 99% қызметкерлері экс-имам басшыларына қарсы шықса да, басшы қайта келіп отыр.
3. Сарыағаш ауданы "Дау дамай" бағдарламасына түсіп өз басшыларының жемқор екенін айтқан мұғалімдер жұмыстан қудаланған.
4. Шымкент қаласы "СаутСтрой" компаниясың 500-600-дей қызметкерлері тамыз айынан бері айлықтарын аламай отыр.
5. Түркістан қаласының 70-80 мұғалімнен тұратын бір мектеп ұжымы директорына қарсы алаяқтық жасаған. Бірақ бұлар да проблема шешілмей маған шығып отыр.
6. Мақтаралда Фирдоуси ауылы жайлы бүкіл құзырлы органдар біледі. Бірақ шешіліп жатқан мəселе жоқ!
Жаза берсем өте көп шағым. Қайсыбірін тізіп отырам? Облыс әкімі кім? Неге облыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етпейді? Президент əкімшілігінен менің шағымыма жауап беруін талап етемін!
Маған туалет аралап түгендейтін əкім емес, жұмыс істейтін əкім керек!
Дереккөз: Айгүл Орынбектің Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: tengrinews.kz