Экс-депутат Астана мектептеріндегі әжетханаларды сынап тастады
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Бақыт СЫЗДЫҚОВА №7 мектептің әжетханасының жағдайын сынға алды.
«Мектептердің көпшілігі кеңес дәуірінен бері келе жатқанын түсінемін. Алайда тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды емес пе? Унитаздар бір қатарда тізіліп тұр, аралары бөлінбеген!” — деп жазды Сыздықова өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.
Сонымен қатар, ол мектептегі қыздардың әжетханасын суретке түсіріп жариялады. Әжетханада унитаздарды бөліп тұратын жеке кабинкалар жоқ. Мұндай көрініске қайран қалған Бақыт Сыздықова мұнан кейін ер балалардың және ұстаздардың әжетханасына кіріп көрген екен. Мектеп әжетханасын суретке түсірген ол Астана білім беру басқармасына бұл туралы сауал жолдады.
Экс-депутаттың сөзінше, ұстаздардың әжетханасында барлық жағдай жасалғанымен, іші лас екен. Ал мүгедектерге арналған әжетхана мүлдем істемейді.
Фото: Facebook.com