Қаз   Рус

Алматыда екі аурухана күзетшілері ереуілге шықты

187 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Вторник, 26 Дек 2017, 17:30

Жарты жылдан бері еңбекақыларын алмаған қаладағы 1-ші және 7-ші аурухана жұмыскерлерлі мәселені осылай шешпек болған

Бүгін Алматыда «Қалқаман» ықшамауданындағы нөмірі 7-ші және 1-ші аурухананың күзетшілері ереуілге шықты. Елуге тарта жұмысшы жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмапты. Наразылық білдірген жұмысшылардың айтуынша,Елбасы ауылының атымен аттас «Үш қоңыр» күзет компаниясының басшылығы да мән-жәйді түсіндірмейді екен. Компанияның жұмысшыларға түсіндірмейтін де жөні бар. Себебі күзетшілер жұмыс беруші жақпен келісімшартқа отырмапты.

«Жаздың екінші айынан бері жұмыс жасап келемін. Маған 200 мың теңге қарыз. Алда жаңа жыл. Жігіттердің барлығында отбасы бар. Мерекені қалай қарсы аламыз? Бастықтар шыдаңдар деп, жарты жыл уәдемен алдап келді. Әуелі арамыздағы бір жігітке несие алдыртып кейбір күзетшілердің айлығын бергізген»,- дейді Ратель тілшісіне өзін Берікпін деп таныстырған күзетші.

Күзетшілердің айтуынша, «Үш қоңыр» күзет мекемесі Алматының өзінде отыздай нысанға қызмет көрсетеді екен. Құжат бойынша мекен жайы Жұбанов көшесіндегі нөмірі 80 үйде орналасқан. Алайда, тілшіміз оларды аталған жерден таба алмады. Компанияның жарнамасы ғаламторда болғанымен ол жереде де мекен-жайы, байланыс нөмірлері жазылмаған. Аурухана басшылығы еңбекақы дауына қатысымыз жоқ дейді. Нысанды күзетуді тендер арқылы ұтып алған мекемеге тиісті қаражатын беріп тұрған екен.

«Тендер ойнатқанда тек компанияның аты ғана тұрады. Біз осы уақытқа дейін айына 987 млн аударып отырдық. Қазір қарызымыз жоқ. Келесі жылдан бастап ол компаниядан (Үш қоңыр) бас тартамыз», - дейді нөмірі 7-ші аурухана бас дәрігерінің орынбасарықаржы және экономика сұрақтары бойынша орынбасары Айнұр АХАНОВА.

Қазір күзетшілер «Үш қоңыр» компаниясының үстінен сотқа шағым түсіріпті.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- В одной статье, какой бы она ни была, невозможно описать и передать всю жизнь человека, глубину его души, все его дела и человеческие качества, проявленные во имя служения народу и общественной деятельности.
От службы в уголовном розыске к общественной работе и званию академика
- Александр Петрович, для меня большая честь и настоящая ценность знать Вас лично и называть своим другом. За всеми Вашими званиями и наградами прежде всего стоит человек, на которого всегда можно положиться. Искренне благодарен судьбе за нашу дружбу, Вашу поддержку, доброе отношение и человеческое тепло. Крепкого Вам здоровья и долгих лет жизни. Горжусь нашей дружбой!
Страховых выплат после ДТП не будет? Что предлагают страховщики
- Добрый день. Страховые компании пытаются ограничить возможности автовладельцев. И получить больший доход. Прикрываясь защитой от "помогаек". Через какое-то время, если примут изменения законодательно, автовладельцы столкнутся с низким качеством кузовного ремонта и будут вынуждены уже судиться с кузовными и малярными мастерами. А это потеря времени и денег.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности