Қаз   Рус

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты жаңа деректер шықты

131 қаралды
0
Вторник, 20 Фев 2018, 08:00

52 жолаушысы қаза тапқан автобустың жүргізушілері дәнекерлеуіш шамның көмегімен жылынған

Бұл туралы бір топ мәжілісмендердің депутаттық сауалына ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың берген жауабында айтылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Министрліктің Тергеу департаменті Ақтөбе облысында Өзбекстан Республикасының 52 азаматының автобуста көз жұмуына қатысты факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі және ҚР ҚК 348-бабының 4-бөлігі негізінде тергеу жүргізуде», - делінген жауапта. ІІМ ресми жауабы сол қайғылы оқиғаға қатысты біршама деректің бетін ашқан.

«Тергеу автобустың «Шымкент - Самара» автожолының 1 068 шақырымында техникалық ақауға байланысты одан әрі қозғалуды тоқтатқанын анықтады.

Бұл туралы төтенше қызметтерге хабар бермей, жолаушылардың қауіпсіздігіне шаралар қабылдамай, 2015 жылғы 26 наурызында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын» бұза отырып, автобус жүргізушілері жанып тұрған дәнекерлеуіш шамның көмегімен көлік құралының салонын жылыта бастаған. Онда ашық ыдыстан абайсызда төгілген бензиннен өрт шыққан», - деп жауап береді ІІМ.

Қалмұханбет Қасымовтың жауабына сүйенсек, қазіргі уақытта қамауда ұстау бұлтартпау шарасын таңдала отырып, автобустың жүргізушілері Ф.М. Пернебеков, Н.А. Қырғызбаев пен Б.М. Танатов қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Тергеу барысында техникалық ақауы бар автобусты жолға шығарудың себептері, жағдайлары мен негіздері анықталатын болады. ҚР ҚПК 200-бабының тәртібіне сәйкес қылмыстық істі тергеу ісі аяқталғаннан кейін мемлекеттік жауапты органдарға шараларды қабылдау бойынша тиісті ұсыныстар жолданады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Ақтөбе облысында автобустың өртенуінен 52 адамның ажал құшуына кінәлілердің барлығын табуды сұрап, депуаттық сауал жолдаған болатын.  

Айта кетейік, 18 қаңтар күні  Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды. Кейіннен өртенген автобус иесінің лицензиясы болмағаны анықталды. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.