Қаз   Рус

Қазақстанда баспаналы болу үшін қанша уақыт кетеді

782 қаралды
0
Ратель
Четверг, 08 Фев 2018, 16:00

Сарапшылардың пікірінше, 200 мың теңге жалақымен пәтер алу үшін 20 жылдай қажет

Сарапшылардың есептеуінше, баспаналы болу үшін отбасының табысы 200 мыңнан кем болмаған жағдайда, оның 20 мыңын ай сайын үзбей салып отырып, 1 бөлмелі баспанаға қажетті бастапқы жарнаны 10 жыл бойы жинау керек екен.  Ал пәтерді қолма-қол сатып алу үшін кемі 20 жылдай уақыт қажет, деп жазады Sputniknews.kz.   

Оқи отырыңыз
МӘМС жүйесі жұртты әуре-сарсаңға сала бастады

Зерттеу қорытындысына қарағанда, 1 ғана жалақымен баспаналы болу бізде тым қиын. Бұл мүмкін болғанның өзінде, қоныс тойын жылдар бойы күтуге тура келеді. Мысалы, отбасының табысы 200 мың болса, болашақ баспана үшін ай сайын оның 10 пайызын ғана жинай аламыз. Ал, қалғаны күнделікті шығыннан артылмайды екен. Осылайша, тек арада 10 жыл өткен соң 1 бөлмелі пәтерге қажетті бастапқы жарна жиналады. Бұл инфляция деңгейін қоспағандағы есеп. Ал, осындай табыспен пәтерді қолма-қол сатып алу үшін кемі 20 жылдай уақыт қажет. Айына 100 мың теңгеден жинау үшін кіріс көлемі 350 мың болуы тиіс. Бұл қарқынмен бастапқы жарнаны 3 жылда жинауға болады. Ал, баспанаға ипотекасыз 7-8 жылда қол жеткізе аласыз.

Пәтерді 5 жылдың ішінде қолма-қол алғысы келетіндер болса, айына 200 мыңнан депозитке салып отырулары керек. Ал, 150 мың теңге көлеміндегі отбасылық табыспен үйлі болу мүмкін емес. Сарапшылар осылай ашығын айтты.

"Егер отбасы пәтер жалдап тұратын болса,150 мың теңге көлеміндегі табыспен мүлдем ақша жинай алмайды. Ақша күнделікті шығыннан артылмайды. Яғни, мұндай табыспен бастапқы жарнаның өзін жинау мүмкін емес жағдай", — дейді krisha.kz порталының шолушысы Алина БУРАВЦЕВА.

Жалпы тезірек баспана кілтін алу үшін, азаматтардың көп нәрсеге шектеу қойғаны абзал. Мамандардың бұл кеңесі, әсіресе, қазақтар үшін қиындау болғалы тұр. Өйткені, үйлі болмай, той жасамау керек екен. Тамақтан да шектеу болғаны жөн.

 "Егер адам пәтерлі болуды мақсат еткен болса, оған тезірек қол жеткізгісі келсе, кей жерлерде өзіне шектеу қоюы қажет. Мәселен, бір клиентіміз бастапқы жарнаны қысқа мерзімде жинау үшін түрлі тағамдардан бас тартқан, отбасы қыдыруды тоқтатқан. Үнемдеу арқылы 3-4 жылда қомақты қаржы жинауға болады", — деп түсіндірді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ филиалы директорының орынбасары Диас РАҚЫМЖАН.

Өткен жылы осылай өзіне көп нәрседен шектеу қойғандар көп болса керек, тұрғын үй нарығы қатты жанданыпты. Сауда-саттық бірден 28 пайызға өскен. Мамандар бұған клиенттеріне түрлі мүмкіндіктер беріп отырған құрылыс компаниялары ғана емес, мемлекеттік бағдарламалардың да оң әсер еткенін айтады. Ал, сұранысқа жер үй емес, пәтерлер көбірек ие екен.

Әсіресе, жұрт, шағын баспаналарды көптеп сатып алған. Аумағы үлкендеріне қызығушылық төмен. Мұны құрылысшылардың ескергені абзал.Әрі жаңа үйлер көбірек сатылыпты. Биыл да тұрғын үй нарығында аса өзгеріс болмайды деген болжам бар. Ал, шаршы метрлердің бағасына келсек, ол да 2018 жылы қатты құбылмайды. Сондықтан, баспаналы болуды жоспарлағандар болса, бағаның арзандауын күтіп, уақытты созудың қажеті жоқ. 

Дереккөз: Sputniknews.kz.
Фото: Sputniknews.kz, avestnik.kz.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
В Алматы врачи ГКБ №7 полностью реабилитировали пациента после тяжелейшей травмы таза и мочеполовой системы
- Больше похоже на PR-акцию чем на правду. Обычно в ГКБ-7, как и в других больницах, редкостные с... Меня пару раз привозили туда при острых приступах воспаления поджелудочной. Могли бы просто прокапать, но каждый раз делали кучу анализов, потом отправляли подальше. Один раз даже в инфекционную... Каждый раз там в приемной куча больных ором орет от равнодушия врачей...
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!
Ушел из жизни Юрий Мизинов
- Очень жаль, что в Казахстане очень мало таких журналистов каким был Юрий Мизинов.
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)