Қаз   Рус

Әл-Фараби орталығы қараусыз қалды

574 қаралды
0
Нұрсейіт ЖЫЛҚЫШЫБАЙ
Вторник, 26 Дек 2017, 15:00

Бабамыздың зиратында 10 млн долларға жуық ақшаға салынған кешенді Қазақстан Сирияға бере салмақ

Сирия астанасы Дамаск қаласындағы Әл-Фараби кесенесі мен қазақтың этно-мәдени һәм тарихи кешені қараусыз қалып отыр. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғұлама кесенесін қайта жөндеу жұмысы мен 20 мың шаршы метрлік орталыққа республикалық бюджеттен 7 мен 9 млн доллар арасында қомақты қаражат кеткен. Бұл жайлы журналиcт Вадим БОРЕЙКО "Что имеем, не храним, потерявши – плачем" атты мақаласында жазады.

2007 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Сирияға сапар барысында ұлы ғалым мен Сұлтан БЕЙБАРЫС кесенесін қайта жөндеуден өткізу жайлы келісімге келеді. Мысырды билеген сұлтанның кесенесін жаңғырту үшін екі жарым жыл өтеді. Оған да қаражат «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан тарапынан бөлінеді.

әл-Фарабидың зираты тұрғын үйлерге тақалып тұрғасын сол кездегі үкімет басшысы Даниял АХМЕТОВ сол маңда орналасқан 48 үйдің иелеріне жаңа пәтер алып беріп, әл-Фараби орталығын жаңадан салып шыққан. Әр сириялыққа орташа есеппен баспана алуға 50 мың АҚШ долларынан берген. 

2012 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған. Кешен үш қабаттан тұрады. Ол жерде мешіт, зиратхана және үш экспозициялық зал бар: «Тәуелсіз Қазақстан», «әл-Фараби», «Отырар». Кеңсеге арналған бөлмелер, оқу сыныптары, кітапхана, қонақтарға арналған бөлмелер мен 75 орындық асхана және 30 көлікке арналған тұрақ.

- Ол жерде сириялық бірде-бір зат жоқ. Қазақстан жайлы хабар беретін заттар қойылған. Ұлттық музыкалық аспаптар, киімдер және т.б заттар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кабинеті бар. Нақтырақ айтсақ Астананың музейі деуге болады, - дейді Қазақстандағы сириялық диаспора жетекшісі Самир ДЕРЕХ.

Суретте: Қазақстандағы сириялықтар қауымдастығының жетекшісі Самир Дерех.

2012 жылы құрылыс аяқталғанымен Сирияда соғыс басталып қабылдау актіне қол қойылмай, әл-Фараби орталығы пайдалануға берілмей қалады. Қысқасы, бірнеше жылдар бойы мемлекеттік бюджеттің ақшасына салынған кешен иесіз қалады.

Қазір ол жерде үш күзетші мен Дамаск университетінің профессоры СҮЛЕЙМЕН ғана шырақшы сынды отыр. Күзетшілерге ай сайын 250 еуро төленсе, сириялық тарихшының айлық жалақысы 150 еуро екен. Сириядағы қайта жөндеу мен құрылыс жұмыстарының басты мердігері болған «Қазқайтажаңғырту» РМК «әл-Фараби» орталығындағы жұмысшылар үшін айлық төлеген екен. Бұл кешен оның иелігінде болмасада мекеме басшысы Қанат ТҰЯҚБАЕВ төрт адамның еңбекақысын беріп тұрған.

2016 жылдың ортасынан бастап күзетшілерге айлық беру тоқтатылыпты. Алайда, қарауылдар киелі орынды қараусыз қалдырмаған. Сириядағы соғыста Қазақстан бабамыз деп таныған билеуші сұлтанның да, ғұлама ғалымның да кесенелері және ел үкіметі салған «әл-Фараби» кешені дін аман. Осылайша, бір жарым жылдан бері ол жердегі жұмысшылар тегін еңбек етуде. Самир Дерехтың есебінше ҚР үкіметі сириялық күзетшілерге 18 айдың ішінде 2,8 млн теңге қарыз екен.

Бұл ақшаны қайтару жағы неғайбыл...

Осы жылдың көктем айында Самир Дерех пен әл-Фараби және Сұлтан Бейбарыс қайрымдылық қорының басшысы Сапар ЫСҚАҚОВ ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хат жолдаған. Қазақстан үшін маңызды орталық қараусыз қалмау үшін қарызды қайтару керектігі жазылыпты хатта. 

Кеше ғана  тәуелсіздіктің 26 жылы ішіндегі үздік мәдениет министрі атанған Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ басқаратын ведомство жауап беріпті. Орталық құрылысына миллиондарды шашқан үкімет енді одан құтылғысы келіп отыр екен.

«Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның Сириядағы құрметті консулы Саиб Нахас нысанды Сирия тарапына беру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл істен оң нәтижелер күтіп отырмыз. Министрлік бұл мәселені шешудің басқа жолдарын қарастыратын болады», - деді министр орынбасары Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА. 

Оқи отырыңыз
Что имеем, не храним, потерявши - плачем

Асылы, қара жорға биіміз, қымызымыз қолды болып кетті деп бәйек қаққанды жақсы көреміз. Бұнымен не айтпақпыз? 870-950 жылдар аралығында өмір сүрген әл-Фарабиды өз бабасы санайтын тек қазақ қана емес. Өзбек, ұйғыр да өз данамыз деп біледі. Басқа араб мағрипатындағы елдерді айтпағанда, әл-Фараби мен сұлтан Бейбарыстың кесенесін айтпағанда.

«Екінші ұстаз» орталығына 1 млрд 512 млн теңге жұмсалған. Музей экспозициясына 123 млн теңге кеткен.

Белгілі саясаткер Маргарет ТЭТЧЕР үкіметтің ақшасы деген ұғым жоқ. Салықшылардың ақшасы деген ұғым бар дейді, яғни Сирияға шашылған ақша халықтың қалтасынан қағылды. Рухты бабалар кесенесін жаңарту әруақ алдындағы парыз. Алайда, Астана мен бір адамның жарнамасы үшін миллиардтарды төгу қаншалықты керек?! Ең соңында оны қараусыз тастадық.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.