Олар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады
Ішкі істер вице-министрі Алексей КАЛАЙЧИДИ дәрі-дәрмекті қымбатқа немесе заңсыз сататындарға қандай жаза берілетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады", - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша министрлік қазіргі таңда мүлікті тәркілеуге, тіпті лицензияны қайтарып алуға дейінгі шараларды қарастырып жатыр.
"Бір күннің ішінде бізде 426-бап бойынша екі әкімшілік іс қозғалды", - деді Алексей Калайчиди.
Фото: inform.kz.