Қаз   Рус

Асқар Мырзахметов қалай әкім болды

580 қаралды
0
Ратель
Понедельник, 15 Янв 2018, 09:00

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Өткен апта ішінде елімізде түрлі салаларда бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат өткен пта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Оқи отырыңыз
Бізде әлі бірыңғай ұлт қалыптасқан жоқ

Сонымен осы аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар МЫРЗАХМЕТОВ Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Асқар Исабекұлы 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. 1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» əлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2015 жылғы тамыздан бастап 2016 жылдың мамырына дейін - «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2016 жылдың мамырынан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2016 жылдың маусымында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды).

*** «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылатын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Ербол ШОРМАНОВ Ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Е.Шорманов 2015 жылғы 20 тамыздан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды. Айта кетейік, Шорманов Ербол Әлімқұлұлы 1968 жылы 20 тамызда дүниеге келген. Ол Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған. Ербол Шорманов еңбек жолын 1991 жылы ҚР Кеден органдарында бастап, онда 2005 жылға дейін қызмет етті. Ұлттық компанияға дейін, Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында шаһардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, экология, энергетика, өнеркәсіп, сауда, шағын бизнес, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелерін қадағалады. Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің аппаратына, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне жетекшілік етті.

Оқи отырыңыз
Ақша жасаудың жолын тапқан жас банкирлер

***  Осы аптада Аллен Шайжүнісов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Аллен Сержанұлы ШӘЙЖҮНІСОВ 2002 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «халықаралық-заңгер» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2002 мен 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Әртүрлі жылдары Маңғыстау облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппараты Хатшылығының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерінде еңбек етті. 2015 жылдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ілгерілету және туризм департаментінің директоры болып істеді. 2017 жылдың 6 қарашасында «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.

*** Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Алтынбайұлы ӘЛІМБАЕВ Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды. Е. Әлімбаев 1975 жылы 6 қаңтарда Қызылордада дүниеге келген.

*** Аптаның басында Маңғыстау облысында бірқатар кадрлық өзгерістер болды Облыс әкімінің кеңесшісі болып Әсел Аманбеқызы БАЛМАНОВА тағайындалды. Әсел Балманова Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 1987 жылы 22 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі - жоғары (2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2012 жылы «Еуразия» институты «Юриспруденция», 2016 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - «Экология» магистрі). Еңбек жолын 2010 жылдың наурыз айынан Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, қоршаған ортаны қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманынан бастады. 2012-2016 жылдары бас маман, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық және құжат айналымы бөлімінің басшысы; 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; 2017 - 2018 жылдары «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» Кәсіподақтар аймақтық қауымдастығы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.  *** Бауыржан Қайратұлы Қайратов «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бауыржан Қайратов 1987 жылдың 4 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Білімі - жоғары (2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Индиана университетін, 2016 жылы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады). Еңбек жолын 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Тасымал көлігі» ЖШС-нің қаржы директоры болып бастаған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақинвест» ұлттық компаниясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.  

*** Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Серік Сырымұлы Қалдығұл тағайындалды. Серік Қалдығұл 1968 жылы 19 қазанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтын «агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Ақтау қаласында бастаған. Соңғы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.

Оқи отырыңыз
Кадрлар бәрін шешеді

 *** «КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне Ербол Бақтиярұлы Омаров тағайындалды. Ербол Омаров 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Білімі - жоғары, 2006 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясын «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған. 2009 жылы Алматы университетінің заң факультетін бітірді. Еңбек жолын 2006 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымы комитетінің техникалық саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастады. 2006-2007 жылдары Қазақстан-Ресей автожол кешенінің жол бөлімінде жетекші маман; 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымы комитетінің құрылымында; 2011жылы «Жол-Сапа» ЖШС инженері; 2011-2013 жылдары бизнес саласында; 2013-2017 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары; 2017 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақавтожол» РМК директорының орынбасары болып қызмет етті. «Жол саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Батыс Европа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапаталған.  

*** Бұл аптада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ Павлодар облысындағы Агенттік департаментінің жаңа басшысы Әділбек Мұқашевті таныстырды. Әділбек Мұқашев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 2002 жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды мемлекеттік институтын «заңгер», 2007 жылы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетті «қаржыгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы алғаш бастаған ішкі істер органдарында тоғыз жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінде, сот жүйесінде қызмет еткен. 2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тәртіптік кеңес департаментінің төрағасы болған. 2016 жылы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі мемлекеттік қызмет департаментінің директоры болды. 2016 жылдың қазан айында - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры болып тағайындалды.

*** Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы келді. Ол - Асқар ЖАНАХМЕТ. Бұған дейін Асқар Жанахмет Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. Асқар Жанахметтің екі жоғары білімі бар, оның бірі құрылыс саласымен байланысты болса, кейін экономика саласында еңбек етті. Жеке сектордағы еңбек жолын 2006 жылы менеджер ретінде бастаған, кейіннен 2011 жылға дейін жекеменшік компанияның бас директоры лауазымын атқарған. 2012 жылы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастап, Атырау облысының әкімдігінде жетекші маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, аппарат басшысының орынбасары болған.

*** Аптаның ортасында «Хабар» арнасында бірқатар ауыс-түйістер болды. Атап айтқанда, Ерлан Игісінов «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды. Бұдан бөлек, ол Сандуғаш Рахымжанова «Қазақ ТВ» арнасының директоры, ал Андрей Тараков «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы қызметіне тағайындалды.

Фото: Today.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.