Қызылордада "Болашақ" жоқ

2532 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Вторник, 24 Мар 2020, 17:45

Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде деген осы болар

Қызылорданың желі бүгін ерекше күшіне мінді. Синоптиктер секундына 30 метр жылдамдықпен соғып тұр деп мәлімет таратуда. Ұйытқыған жел Сыр елінің біраз әлеуметтік нысандарының шатырын аспанға алып ұшып, кейбір аумақты жарықсыз қалдырды.

Қала орталығындағы "Болашақ "университетінің шатыры жабынымен қоса құлады. Абырой болғанда, адам аман. Блогерлер Қызылорданың "Болашағы" жоқ" деп әзіл аралас пікірін жарыса жариялап жатыр.

Бейнеде: Қызылордадағы дауыл.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданы орталығындағы мәдениет үйі де шатырсыз қалды.

Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінің номері 86-шы орта мектебінің шатыры ұшып, осы кенттің 2 электр бағанасы құлады. Соның салдарынан 6 елді мекен жарықсыз отыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары бәріне кінәлі 22 наурыз күні Байқоңырдан ұшырылған зымыран деп пікір қалдыруда.

Еске сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын 34 британдық жер серігі бар зымыранның көкке көтерілгені туралы ресейлік ақпарат құралдары қуана хабар таратқан болатын.

"Коронавирусқа байланысты үйде отырғанымыз да дұрыс болды, әйтпесе әлгі шатырлар басымызға түсіп, жарақат алар ма едік, кім білсін, әр істің бір хайыры бар деген осы" деп қызылордалықтар өздерін жұбатып отыр.

Бейнеде: Оңтүстік Қазақстандағы дауыл.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора