Ұстаздарды онлайн-сабақ жазуға мәжбүрледі деген орынсыз мәселе туындамауы тиіс - вице-министр

2352 просмотров
0
Ратель
Среда, 25 Мар 2020, 17:00

Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда

Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақ жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз мәселе туындамауы тиіс. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Шолпан КАРИНОВА Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Спекуляции под шумок пандемии

"Бүгінгі күні коронавирустың таралуына қарсы күресті күшейту кезінде 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын. Әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабағына қажетті материал қарастыратын. Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіретін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтан жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық", - деп жазады вице-министр.

Читайте также
Самое время вспомнить о бабушках

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы - осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа.

"Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақ жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз мәселе туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл - мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл - мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді", - деді ол.

Осы ретте вице-министр ата-аналарды бұл мәселеге түсінікпен қарауға, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етуге, қажетті нәтижеге жету үшін көмек беруге шақырады.

"Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз. Кейбір мектептерде сапалы интернет, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану мәселері, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда", - деді Шолпан Каринова.

Фото: KAZINFORM.

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
До 20% - разрыв между ценой квартиры в объявлении и ценой реальной сделки в Алматы
Что происходит с реальными ценами и рынком недвижимости
Новый фрагмент древнейшего мирного договора, 8-тысячелетние «хранители зерна» и новости с Марса
Главное в мире: обзор СМИ
Две исторические победы за один день: что происходит с политической картой Германии
АдГ впервые победила в Мекленбурге, Левые – в Берлине: Германия меняет политическую карту
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Безопасность женщин и детей - критерий зрелости государства
Зарина Есбулатова о семейной политике, демографии и результатах социальных реформ в Казахстане
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай