Qazaq Oil жанармай желісі 5 жылдығын атап өтуде

630 просмотров
0
Ратель
Вторник, 02 Апр 2024, 13:30

Елдегі ең ірі жанармай құюшы өз клиенттерінің сеніміне қалай ие болды

Қазақстанда көлік жүргізетін әрбір азамат бүгінде Qazaq Oil дегеннің не екенін жақсы біледі, жанармай құюға тоқтағанда нық сеніммен осы бекеттерді таңдайтын болды. Қазақстандағы осынау ең ірі жанармай сатушысы ел нарығында пайда болғалы небәрі бес жыл өткенін біреу білсе, біреу білмес.

Ескірген "ҚазМұнайГаз" жанармай бекеттерінің ребрендингі бұл күнде сапалы жанармай, жолға қажетті ілеспе non-oil тауарлар, жайлы да сапалы қызмет ұсынатын тұтас экожүйенің пайда болуына қалай әкелгені туралы PetroRetail бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ айтып берді.

- Төлеміс Садықұлы, ребрендинг деген бізде әдетте, сыртын өзгертіп қоюмен тынушы еді. Сіздер қандай өзгерістер болды?

- Әрине, жанармай бекеттерінің сыртын да, ішін де өзгертуге тура келді. Ішін қайта құрдық, сыртын басқаша қаптадық, айналасын абаттандырдық. Енді біреулер Qazaq Oil тек сыртын сәндеудің арқасында ғана көркейіп кетті десе, мүлдем олай емес. Сырты сәнді бекеттердің артында кешенді жұмыс жатыр: біз ескірген құбырлар жүйесі мен жарамсыз резервуарларды жаңарттық, Еуропаның Gilbarco дейтін жетекші өндірушісінің сүзгіштігі аса жоғары келетін заманауи жанармай құю колонкаларын орнаттық, Q-Cafe зонасы бар супермаркеттер ашып, оған жаңа сауда-тоңазытқыштарын алдырттық, қосымша қоймалар тұрғызып қойдық. Ашығын айтқанда, әрбір жанармай бекеті жаңадан қайта салынды деуге болады. Жалпы, толық техникалық жаңартуға Qazaq Oil компаниясы 60 миллиард теңгеден астам қаражат салды.

- Жаңа логотип пен жаңа жабдықпен жанармай бекеті клиенттерінің жүрегін жаулауға бола ма?

- Біздің жанармай құю бекеттеріміздің ең басты мақсаты – қазақстандықтарды жоғары сапалы жанармаймен қамтамасыз ету. Ай сайын әрбір бекетке арнайы қызметкерлер шығып, отынның сынамасын алады, сосын зертханаларында зерттеу жасайды. Жуырда жұртшылық көзінше кездейсоқ станциялардың бірінен алынған сынама көрсеткендей, сапасы жағынан біздің жанар-жағармай материалдарымыз заңмен бекітілген нормативтерден асып түсті.

Дегенмен, Qazaq Oil бүгінде жай ғана жанармай сатушысы емес. Ауқымды өзгерістер өз нәтижесін әкеліп отыр: қазір біздің желіміздің кешендерінің бәрінде тек көлікке жанармай құйып қана қоймай, үй мен мәшинеге қажетті тауарлар сатып алып, қарны ашқандар жаңа піскен дәмді жеңіл тағаммен жүрек жалғап, кофе мен шаймен шөлін баса алады. Ақыр аяғы жайлы, таза әжетханаға дейін қарастырылған. Сол үшін компания бірталай шақырым құбыр желілерін салып, ұңғымалар қазды, суды сүзгілеу жүйелерін орнатты. Не үшін? Qazaq Oil жанармай бекетіне тоқтаған әрбір клиент жоғары деңгейлі сервистің қызығын көріп, өзіне жасалған жағдайды сезіну үшін.

Бұлар тек базалық, негізгі нәрселер ғана. Qazaq Oil желілері қазір қызметтің тағы жаңа түрлерін қосып, одан сайын өсе түсіп, жанармай бекетін үй мен жұмыс арасындағы "үшінші орын" қылуды көздеуде. Жұмысынан қайтып, үйіне барар жолда әрбір жүргізуші үйіне және өзіне қажеттінің бәрін бізге кіріп ала кете алатын пайдалы көмекші болуды ойластырып отырмыз.

Брендтің тарихы, беделі мен құндылықтары клиенттің көңілінен шыққаны маңызды біз үшін, сол себепті біз қызмет көрсету сапасына айрықша көңіл бөліп келеміз. Қызмет сапасын көтере түсу, жұмысты жеңілдету үшін қызметкерлер арасында тұрақты тренингтер өткізіледі, үрдістерде жасанды ақыл-ой құралдарын енгізу сияқты жаңашылдықтың бәрі енгізілуде.

- Жасанды интеллект бизнестің шынайы өміріне қандай көмегін тигізеді екен?

- Жасанды интеллект көптеген үрдістерді автоматтандырып, жұмыс тиімділігін арттырып, клиенттерге қызмет көрсетуді жеделдетті. Деректерді дауысты сараптау көмегімен Qazaq Oil клиенттерге қызмет көрсету сапасының стандарттары сақталуын бақылайды, клиенттердің қалауын анықтау үшін VLife қосымшасында кеңес қосу жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, мобильді қосымшада көліктен түспей-ақ жанармай құйып алу мүмкіндігі бар: жақын жердегі бекетті таңдап, жанармайдың түрі мен көлемін теріп, банк картасымен төлеп қойсаңыз болды.

Клиенттермен сөйлесу Otvet.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Кез-келген тұтынушы жанармай бекетінде QR код арқылы пікірі мен ұсынысын қалдыра алады, қызмет деңгейін бағалап, фото жолдай алады. Былтыр QR арқылы компанияға 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті.

- Қазір Qazaq Oil желілері бүкіл елді қамтып отыр ма?

- Иә, Qazaq Oil Қазақстанда кеңінен тараған. Қазіргі уақытта 364 жанармай бекеті жұмыс істеп тұр, компанияның 234 бензовозы бар, өз меншігінде 12, мұнай базалары жалға алған 23 бензовоз бар.

2021 жылдан бері DODO (Dealer owned — Dealer operated) серіктес бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бұл – брендті, қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын, әдістемелер мен регламенттерді ұсынатын дайын франшиза. Үш жылда Қазақстанда DODO бағдарламасымен 30 жанармай құю станциясы ашылды: Қостанай облысындағы Денисовка ауылынан бастап, ел оңтүстігінің шетіндегі Асық-Атаға дейін, батыстағы Маржанбұлақ ауылынан бастап Семейде ашылған екі жаңа кешенге дейін. Тек осы DODO франшизасының арқасында еліміздің әр түкпірінде 400-ден астам адам өзіне тұрақты жұмыс тапты. Ал жалпы Qazaq Oil компаниясында 5 мыңдай қызметкер бар.

- Компания қызметкерлерінің көңіл-күйі, жағдайы қалай?

- Qazaq Oil Head Hunter компаниясы ұйымдастырған беделді байқауда "Жылдың үздік жұмыс берушісі" деген номинацияда бас жүлде алған, сонымен қатар президенттік "Алтын Сапа" премиясы аясында "Бизнес Кемелдік" – "Деловое совершенство" сыйлығының иегері атанды. Мұны біз компанияның қоғамдық жұмыстағы жетістіктері мен бизнесте озық тәжірибелерді енгізуінің арқасында алған лайықты бағасы деп санаймыз.

Біз әлеуметтік, спорттық,шығармашылық және экологиялық жобаларды Well-being тұжырымдамасына біріктірдік. Бұл бағдарлама тіпті ең шалғайдағы бекеттердегі қызметкерлердің мұқтаждығын ескере отырып құрылған.

Өткен жылдың соңында Qazaq Oil-дың барлық 380 ЖҚС-інде жұмыс істейтін қызметкерлер арасында үздіктерін анықтап, сыйлықтар ұсындық. Жеңімпаздар ақшалай сыйақы алды, тұрмыстық техника алуға сертификат, Қазақстанда және шетелде демалуға жолдамалар берілді. Мәселен, өткен жылы үздік деп танылған Қостанай облысындағы Келлеровка ауылындағы ЖҚС-тің ұжымы толық құрамымен ақпан айында Катар астанасындағы Rixos Gulf Hotel Doha қонақ үйінде демалып келді.

Сонымен бірге, өткен қыркүйек айында Ынтымақ күнін өткізіп, онда клиенттерге топ-менеджерлер қызмет көрсетті: олар кассада тұрды, көліктердің терезесін сүртіп, бензин құйып, кофе ұсынды. Осылайша басшылар өз қызметкерлерімен етене жақын қарым-қатынас орнатып, сонысымен бүкіл Qazaq Oil командасының жұмыс тиімділігін арттыруға атсалысты.

- Бес жылдың ішінде жұмсалған салымдар ақталды ма, бизнес табысқа шықты ма?

- Тек 2023 жылы Qazaq Oil компаниясы ел бюджетіне 13,6 миллиард теңге салық төледі. Бірақ ең үлкен жетістігіміз – үлкен жауапкершілік. Біз табыс тауып қана қоймай, қоғамға пайда тигізуге тырысамыз.

Өткен жылдың басынан бері компания Астана әкімдігімен бірігіп, "Игі істер марафоны" атты қайырымдылық жобасын жүргізіп келеді. Оның аясында ел астанасындағы тұрмысы төмен 5000 отбасы көмек алды. Компания өрттен зардап шеккен Абай және Қостанай облыстарына қаражат бөлді.

Сосын "Qazaq Oil-дан 100 ауылға 100 үстел теннис залы" жобасы жүзеге сәтті асырылды. Оны Қазақстанның үстел теннисі федерациясымен бірлесіп жүзеге асырдық.

Мәдениет саласына айрықша мән беріледі: компания аты аңызға айналған "Азия Дауысы" фестивалін жаңғыртуға демеуші болды, сонымен қатар ауыл балаларына билеттер сыйлап, "Джулия" мюзиклін Астанаға алып келді.

Компания қызметкерлері қан орталығы үшін қан мен плазма тапсыру бастамасына белсенді қолдау көрсетуде.

2024 жылы Qazaq Oil еліміз үшін маңызды жобалар мен оқиғаларға қолдау көрсету жұмысын жалғастырады. Мысалы, биыл заманауи өнердің 60-шы венециялық биенналесіндегі қазақстандық павильон құрылысына демеуші болайын деп отырмыз.

Qazaq Oil компаниясы осымен бесінші жыл бойы бизнестің әр сегментінде заманауи және логикалық даму жолын таңдап келеді. Жоспарда – Qazaq Oil экожүйесін жақсарта түсу, көкжиегін кеңейте түсу. Қазақстандықтардың өмірі жайлы бола түссе, жеңілдей түссе, ол бәріміз үшін жақсы емес пе.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




блогер
Қазсот деген телеарна ашып, букмекерлік контораларды демеушілікке тартып, ставка тігіп отырмайық.
Почему женщину в Казахстане не считают человеком
Государство не станет цивилизованным никогда, если не прекратится насилие над гражданами женского пола
Как школьники стали объектами травли
Почему власти не реагируют на сетевые призывы к расправе с учителями и школьниками Международной школы Алматы
Зачем Управлению делами президента поле для гольфа
Нацкомпания QazaqGaz избавилась, наконец, от навязанного ей убыточного актива
Португалия – путь к революции
50 лет назад португальская армия вышла из казарм, чтобы совершить революцию, вошедшую в историю под названием "Революция гвоздик"
1 мая - исконно американский праздник
День международный солидарности трудящихся появился в результате событий, имевших место именно в США
Дар Тимура: почему самое почётное место в мавзолее Хазрета занимает котёл
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. О творчестве и не только
"Ковры-груди", тюльпаны размером с телевизор и оцифрованные архивы художника - вот чем встречает нас весна
Адвокатам Бишимбаева не понравились футболки потерпевших
Защита экс-министра потребовала удалить тех, кто в футболках с надписью "За Салтанат"
Как за четыре часа в Казахстане отменили георгиевскую ленту
К чему привели "невнимательность заполнения и перекопирование неправильного текста в технической спецификации"
За заявление на акима Усть-Каменогорска активисту "светят" наручники
Полицейские начали служебное расследование по факту угроз со стороны сотрудника правоохранительных органов
Депутат получил срок за реальные деньги и мнимых коров
Под несуществующий скот он взял государственные деньги якобы на развитие животноводства
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
"Самрук-Казына" окутал финансовой тайной проект "Комфортная школа"
Компании, которые участвовали в конкурсах, подписали соглашение о конфиденциальности
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Эрик Байжунусов
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
О запрете на экспорт, ручном управлении экономикой и индонезийском пальмовом масле
Все разумные решения принимаются по-разному, но глупые - одинаково
Макаш и Курмангазы
Как казахский правитель спас легендарного музыканта от тюрьмы
Однофамилец
Всевышний умеет шутить, посмеиваясь над нашими планами и так называемыми экспертами
На рынке арендного жилья Алматы происходит настоящая катастрофа
Казахстанцы без своего жилья будут копить на него ещё очень и очень долго
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.