Қордай оқиғасы: 19 полиция қызметкері зардап шекті

1784 просмотров
0
Ратель
Вторник, 11 Фев 2020, 10:40

9 -ы- атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

8 ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келді.

Читайте также
Қордайдағы оқиға: президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатуды тапсырды

Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алғаны, 9 -ы- атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды. Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы -екі санның жоғарғы жартысынан жарақат алды. Жағдай тұрақталып, полицейлер бақылауға алғаннан кейін, қызметкерлер орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінді.

Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің (бронежилет) арқасында қақтығыс кезінде алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталды. Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков жарақат алғандардың қатарында. Оған жасалған операция сәтті шығып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық сипаттағы жаппай төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылатынын, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстары ұйымдастырылатынын, қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын мәлім етті. Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма берілді.

Фото: polisia.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана