Қордай ауданындағы оқиғаға қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды

1795 просмотров
0
Ратель
Среда, 19 Фев 2020, 18:20

Еске сала кетейік, 11 ақпанда Қордай ауданындағы оқиға байланысты 25-тен астам қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат ҚОЖАЕВ Қордай оқиғасы бойынша қозғалған істер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
"Алматы жастары 3.0" жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

"Бүгінде жүздеген адамнан жауап алынды, процессуалды іс-қимылдар, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Барлық процессуалды дәлелдер алынғаннан кейін, кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді М. Қожаев парламент мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол қозғалған қылмыстық істер саны өте көп екенін атап өтті.

"Күн сайын қылмыстық істер қосылуда. Өздеріңіз білесіздер, адам өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жаппай тәртіпсіздікке, ұрлық, қарақшылық, тонау фактілеріне қатысты қылмыстық істер бар. Түрлі эпизодтар бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс тіркелді", - деді М. Қожаев.

Дегенмен ол тергеу амалдарының қашан аяқталатыны туралы нақты жауап бермеді.

"Уақыт көрсетеді. Тергеудің жалпы мерзімі қылмыстық-процессуалдық заңнама бойынша екі ай. Егер де қосымша зерттеулер қажет болса, қажетті сараптамалар тағайындау қажеттігі туындаса, онда бұл мерзім заңнамаға сәйкес ұзартылуы ықтимал", - деді Марат Қожаев.

Фото: primeminister.kz / Бауыржан Жуасбаев.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы