Qazaq Oil автожанармай құю станциялары небәрі үш жылда көлемді трансформациядан өтіп, Қазақстан бойынша сенімді әріптестік орнатты
Qazaq Oil компаниясының DODO франчайзинг бағдарламасы 2021 жылдың жазында іске қосылған болатын. Осы кезде компания "ҚазМұнайГаз" ескі автожанармай құю станцияларын қайта жаңғыртудан өткізіп жатқан еді. Техникалық тұрғыдан ескірген желілер заманауи құралдармен жабдықталған кең форматты жанармай және non-oil-ретейл желісіне айналып жатыр еді. Қазір 364 жанармай құю станциясы, 234 бензин таситын көлік пен 12 жеке және 23 жалдамалы мұнай базасы бар Qazaq Oil компаниясының бөлісетін тәжірибесі көп.
DODO – Dealer owned – Dealer operated бағдарламасы елдегі барлық әріптестерге толық қапталған франшизаны ұсынады. Компания брендті, қызмет етудің сапалы стандарттарын, регламенттерді ұсынады. Әлбетте оның ішіне басты тауар жанармай мен non-oil-тауарлар да кіреді.
Болашақ әріптестерден тек қана белгілі бір қаржылық салымдар талап етіледі. Кей жағдайда, жер учаскесін табуы керек болады. Qazaq Oil мамандары станция ашылатын жерді өздері қарап, мониторинг жасап, локацияны бақылап, тәуекелдерді анықтап, мұнай өнімдері мен оған жатпайтын тауарлардың саудасына болжам жасап береді. Одан кейін қаржылық модель құралып, алдағы әріптестік туралы шешім қабылданады.
Үш жылда осы бағдарлама бойынша елдің әр түкпірінде солтүстікте Қостанай облысының Денисовка ауылынан оңтүстікте Асық-Ата ауылына дейін, батыста Маржанбұлақ ауылынан Семейдегі екі кешенді қосқанда 29 АЖС ашылған екен. Ал 30-шы АЖС тың ашылуы Ақтөбе қаласында 15 наурызда жоспарланған.
Qazaq Oil серіктес жанармай станцияларында сервис пен жанармай сапасы өз авто жанармай құю станцияларындағыдан артық болмаса кем соқпайды. Сондықтан да DODO автожанармай құю кешендері Qazaq Oil желісімен бірге тұрақты түрде тексеруден өтіп тұрады. Атап айтқанда, жанармайдың сапасы мен құйылу дәлдігі, қызметкерлердің білімі мен кешендегі тазалық та тексерілетін болады.
- Біздің Qazaq Oil компаниясымен серіктестігіміз Түркістан облысында үш жыл бұрын жаңа АЖС ашылғанда басталған болатын. Бүгінде салынған инвестицияны толығымен ақтап, былтыр қарашада екінші станцияның ашылуына қаражат салдық. Ол Шымкент қаласындағы үлкен автожанармай құю орталығы болмақ. Тәулігіне біз 15 немесе 20 текше метр жанармай сатуды жоспарлап отырмыз. Ашылғанымызға бірнеше ай болды. Алда бұл көлеміміз артады деген үміт бар, - деді Оңтүстік Қазақстандағы Qazaq Oil компаниясының серіктесі Жандос ОРАЗАЛИЕВ.
Бұл жобаларға салынған қаражат аз уақытта өсім бере бастайды. Инвестициялардың ақталуына орта есеппен үш немесе бес жыл уақыт кетеді. Алайда, компанияның кейбір серіктестерінің кейсінде таң қаларлық нәтижелер бар. Атап айтқанда, кейбір серіктестер бір немесе екі жылда табысқа шыққан.
- Мен Qazaq Oil сияқты ірі компаниялардың кәсіпкерлерге табыс табуға мүмкіндік беріп жатқанына қуанамын. Негізінде сол сегменттің лидерімен жұмыс істеген анағұрлым жеңіл. Бүгінде мен бірнеше басқа да жанармай желісімен серіктеспін. Бірақ, Qazaq Oil станциясы сатылым бойынша көш бастап тұр. Тәулігіне біз 35 пен 50 текше метр жанармай сатамыз, – деді Qazaq Oil серіктесі Нұрлыбек ИСМАИЛОВ.
Әр станцияда 10-15 жұмыс орны ашылған. Бұл шалғай орналасқан ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге мүмкіндік болып отыр. DODO франшизасының арқасында 400 ден астам адам жұмыспен қамтылған. Әріптестік желісінің көбеюі бюджет салығының артуына септігін тигізеді. Тек қана 2023 жылдың өзінде компания мемлекет қазынасына 13,6 миллиард теңге аударған.
Сәуір айында компания маңызды мерейтойын атап өтпек. Qazaq Oil брендінің қалыптасқанына бес жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін 31 АЖС жұмыс істеп тұрса, жылдың соңына дейін олардың санын 50ге арттыру жоспарланған.
"Бізде франчайзинг желісін дамыту бойынша жоспарларымыз өте қарқынды. Үш жылға жетер жетпестен 30 әріптес АЖС ашып үлгерсек, бұдан ары осы қарқынды тек арттыратын боламыз. Жақында жаңа ашылулар, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр", – деді компания өкілдері.
Фото: Qazaq Oil.