Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр

2549 просмотров
0
Ратель
Вторник, 11 Фев 2020, 16:50

Қазақстанда елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін жол картасы жүзеге асырылуда

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН көктемгі су тасқыны жағдайына дайындық туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Оның айтуынша, елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін "2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар кешені" жол картасы жүзеге асырылуда.

"Жол картасында 521 іс-шараны орындау көзделген. Бұл бағдарламаны қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 70 млрд теңге қарастырылған. Үш жылда жол картасының тапсырмаларын іске асыру 1046 елді мекеннің 724-індегі қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс әлі аяқталмады, биыл жалғастырып, бағдарламаны толығымен орындаймыз", - деді Ю. Ильин ҚР Парламенті Мәжілісінде Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында.

Жол картасына сәйкес, 2019 жылы Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстарында 36 шара жасалған.

"Бұл елді мекендерді су басу қаупін тудыруы мүмкін. Жол картасында көрсетілген шаралардың орындалмау себебі – қаражаттың жетпеуі, жобалық-сметалық құжаттаманың болмауы және Жол картасының кеш орындалуы. Қазір жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – елді мекендерді қардан тазарту", - деді министрдің орынбасары.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласы мен оған іргелес Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына қар көп жауған.

Читайте также
60+ және 70+

"Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария су қоймасында қауіп жоқ. Ондағы су 3,6-3,9 млрд текше метрге жетеді. Сырдариядағы мұз қалыңдығы өткен жылмен салыстырғанда төмен, сондықтан су көбейгенде қабыршақ мұз көбейіп, кедергі келеді деп ойламаймыз. Өзен алқабынан асып кетпейді. Жамбыл облысында да еш қауіп жоқ", - деді Юрий Ильин.

Алматы облысы бойынша көктемде қар еріп, жаңбыр жауғанда су тасқыны қаупі туындауы мүмкін.

"ШҚО бойынша кейбір таулы аймақтардағы қардың жамылғысы 25% көбірек. Қолдағы қорымыз еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өткен жылы Семей қаласында төтенше жағдай болды, су қоймасында кептеліс болып, мұз қатты, сәйкесінше Ертіс өзенінің тасуына әкеп соқты", - деді ол.

Ішкі істер министрлігі су тасқыны болған жағдайда, ең алдымен Орталық Қазақстан аумағы бақыланатынын айтады.

Юрий Ильиннің айтуынша, қардың көптігінен Вячеслав су қоймасы тез толуы мүмкін. Сондықтан қазір алдын-ала суды ағызу туралы шешім қабылданбақ.

"Жауын-шашын көп жауған Ақмола облысының төменгі бөлігінде қиындық туындауы мүмкін. Ол жақта қажетті шаралар қабылданды, 500-ден астам үй есепке алынды. Қазір әкімдік жаңа бағдарлама әзірлеп жатыр, онда қауіпті аудандарда қалған тұрғындарды жаңа тұрғын үйлерге көшіру үшін қаражат бөлінеді. Содан кейін біз Атбасардағы қауіп-қатер режимін алып тастаймыз", - деді Юрий Ильин.

Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстандағы Сергеевка су қоймасындағы жағдай қалыпты. Онда халықты су басу қаупі жоқ.

KAZINFORM.

Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента