Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлар фронт-офисінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

1896 просмотров
0
Ратель
Среда, 12 Фев 2020, 17:00

Қазақстан Президенті: Мен волонтер жылында, ең алдымен, еліміздің жастарына зор сенім артамын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ "Birgemiz" атты волонтерлар фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының осы шарада сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялайды.

Читайте также
В чём смысл вражды

Құрметті достар! Бүгін бәріміз ерекше әрі тарихи оқиғаға байланысты елордамыздың төрінде жиналып отырмыз.

Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды іс-шара.

Сондықтан, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Биыл – Волонтер жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе өте маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін.

Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылды.

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек.

Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет.

Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын асар дәстүрі бар.

Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз.

Читайте также
Депутат Божко, царица Томирис и слышащее государство

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз.

Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету.

Өздеріңізге тарихтан мәлім, кезінде Қазақстанға көптеген ұлт өкілдері жер аударылды.

Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанын бөлісті.

Шынайы жанашырлық көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек.

Бүгінде дүние жүзінде бұл үрдіс кең таралып, әлемдік қозғалысқа айналды.

Қазірдің өзінде жер бетінде 1 миллиардқа жуық адам волонтерлікпен айналысады. Ал бізде – 16 мың. Бұл, әрине, аз. Бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады.

Олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі зор. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі.

Көптеген елде Ерікті болу қалыпты жағдай, үлкен құрмет саналады. Жұртшылық оларды сыйлайды.

Мысалы, Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған.

Читайте также
Мал бордақылауға субсидия алынып тасталды

Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.

Біз де осындай деңгейге ұмтылуымыз керек.

Азаматтарымыз өзгеге көмек көрсетуден аянып қалмауы қажет.

Сол арқылы қоғамда әлеуметтік жауапкершілікті арттырамыз.

Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі.

Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді.

Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Волонтерлік дегеніміз – "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып" әрекет ету.

Еріктілік – халқымыздың шынайы болмысы.

Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет.

Ұлы Абайдың "Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін" деген ұлағатты сөзі осындай игі істерге үндейді.

Сондықтан, біз волонтерлікті кеңінен дәріптеуіміз керек. Береке-бірлігімізді арттыратын шараларға бір ел, тұтас ұлт болып атсалысуымыз қажет.

Өзгелердің мүлкін тонап, олардың өміріне қауіп төндірген азаматтар ешқашан халқымыздың патриоты бола алмайды. Мұндай адамдар – заңды өрескел бұзған қылмыскерлер. Олар заң алдында жауап беруі тиіс. 

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

Бүгін де еліміздің азаматтары мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әрдайым дайын екенін көрсетіп келеді. Арыс оқиғасы – соның айқын дәлелі. Төтенше жағдай кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған волонтерлер зардап шеккендерге көмектесті. Қаланы қалпына келтіруге белсене атсалысты. Біздің халқымыз өзгенің басына түскен жағдайға ешқашан бей-жай қарамаған. Бұған күнделікті өмірден көптеген мысалдар келтіруге болады. 

Сондай-ақ, "Lider.kz" волонтерлік қозғалысының жұмысын ерекше атап өткен жөн. Бұл ұйым төтенше жағдайда көмек көрсету үшін құрылған. Оның мүшелері жоғалған азаматтарды іздестіруге белсене атсалысып келеді. Қазір осы қозғалыстың қатарында бір жарым мыңнан астам ерікті бар. Волонтерлікпен айналысып жүрген "Best for kids" қоғамдық қорының да жұмысы көпшілікке үлгі-өнеге.

Бұл ұйым өз қызметін осыдан он жыл бұрын Ақмола облысында бастаған. Содан бері балалар үйіндегі жасөспірімдерге тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Қор жастарға жігер беретін түрлі дәрістер, тренингтер өткізеді. Сонымен қатар жетім балаларға көмектеседі. Міне, осындай волонтерлік ұйымдарды көбейтуіміз керек.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы зор ондаған жалпыұлттық жоба қолға алынды.

Волонтер жылының басты ұраны – "Birgemiz". Сондықтан, биылғы барлық бастамалар мен игі істер халқымыздың бірлігін бекемдейді деп сенемін. Мен ұсынған "Әр алуан пікір – біртұтас ұлт" тұжырымы осындай шаралар арқылы жүзеге асуы керек. Мемлекет Еріктілерге әрқашан қолдау көрсетеді.

Читайте также
60+ және 70+

ЕКІНШІ. Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады.

Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептеледі. Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі.

Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді.

Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады. е участие в реализации мероприятий Года волонтера.

БЕСІНШІ. Волонтерлер еліміздің рухани әлеуетін арттыруға үлес қосуы керек. Мәдениетімізді дамытпай, өсіп-өркендеу мүмкін емес. Сондықтан, осы мәселеге ерекше мән беру қажет.

Қазіргі таңда мәдениет және өнер саласындағы жас таланттардың арқасында Қазақстан күллі әлемге танылып келеді. Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек, яғни ойы ұшқыр, дарынды азаматтарды барынша қолдау қажет. Сонда ғана төл мәдениетімізді жаңа белеске көтеретін буын қалыптасады.

Читайте также
Второго пилота Bek Air подвергали многочасовым допросам

Қордың жұмысына волонтерлерді де тарту қажет. Олар музей, кітапхана және өнер мекемелерінде өздерінің жобаларын жүзеге асыра алады. Осы шаралар еліміздің шығармашылық әлеуетін нығайтуға мол мүмкіндік береді. 

Құрметті достар! Сіздер күн сайын ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарып келесіздер.

Сол арқылы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосасыздар.

Мен еліміздің әр өңірінде волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін.

Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шаралар қабылдады. Біз бұған зор мән береміз.

Алайда, Волонтер жылы – кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек. Еріктілік – ел үшін, қоғам үшін адал қызмет.

Волонтерлік халқымыздың өмір салтына айналуы керек. Оны тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақ сипаты ретінде дәріптеуіміз қажет. Еріктілердің бойындағы қайрат-жігер әр азаматты ынталандыруы тиіс.

Еліміздегі әр ауыл-аймақ осы маңызды жұмыстан тыс қалмайды деп сенемін. Бұл – ең алдымен, өркениетті Елдің және зор жауапкершіліктің белгісі.

Ғұлама Абай "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" баршамызға өсиет қалдырды.

Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі. Сендер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі боларына күмәнім жоқ.

Мен волонтер жылында, ең алдымен, еліміздің жастарына зор сенім артамын. Әрдайым абыройлы әрі табысты болыңыздар!

Бәріміз Бірге болайық!

Фото: ҚР президентінің ресми сайты.

блогер
Қазсот деген телеарна ашып, букмекерлік контораларды демеушілікке тартып, ставка тігіп отырмайық.
Как Бэтмен Досаев "спасает" Алматы
Почему в Казахстане так любят чрезвычайные ситуации
Как школьники стали объектами травли
Почему власти не реагируют на сетевые призывы к расправе с учителями и школьниками Международной школы Алматы
Казахстан резко повышает ставки
Переплюнут ли инвесторы Кашагана компанию ВР?
Неудобные, но обоснованные вопросы об алматинских дорогах
Пришла весна и в Алматы обнажаются дорожные ямы
Китайскому "TikTok" отключили ток
В мире ускоряется разделение стран на противоборствующие мировоззренческие, военно-политические и экономические альянсы, а также на противостоящие друг другу технологические, информационные сферы
"Одно из самых практичных изобретений, которое когда-либо сделал человек": что писали про юрту в России и Европе
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. О творчестве и не только
"Ковры-груди", тюльпаны размером с телевизор и оцифрованные архивы художника - вот чем встречает нас весна
Унитазы в судьбе экс-министра нацэкономики Казахстана
Как чья-то воля свыше переиграла крутых политтехнологов Куандыка Бишимбаева
Как акимат Алматы в 2024 году будет покупать квартиры на 61,4 млрд тенге у Qazaq Stroy
Управление строительства города взыскало с ТОО "ПКС" 931 млн тенге неустойки по договорам 2023 года
Скончался заместитель начальника ДП ВКО
Он курировал вопросы следственных и криминалистических подразделений
Женщину-врача зарезал ухажёр-абьюзер
Рано утром он залез к ней домой через балкон
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
"Самрук-Казына" окутал финансовой тайной проект "Комфортная школа"
Компании, которые участвовали в конкурсах, подписали соглашение о конфиденциальности
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Эрик Байжунусов
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
О запрете на экспорт, ручном управлении экономикой и индонезийском пальмовом масле
Все разумные решения принимаются по-разному, но глупые - одинаково
Макаш и Курмангазы
Как казахский правитель спас легендарного музыканта от тюрьмы
Однофамилец
Всевышний умеет шутить, посмеиваясь над нашими планами и так называемыми экспертами
На рынке арендного жилья Алматы происходит настоящая катастрофа
Казахстанцы без своего жилья будут копить на него ещё очень и очень долго
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.