Теңізге шыққан мигранттардың қаза табуына қатысты биылғы жылдың бірінше оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды euronews.com. Ливия жағалауында Жерорта теңізін үрлемелі қайықпен кесіп өтпек болған 25 мигрант қаза тапқан. Бұл туралы немістің үкіметтік емес Sea Watch ұйымы мәлім еткен. Бұл биылғы жылдағы алғашқы қайғылы оқиға. Қайықта барлығы 150 адам болған. Италияның жағалау күзеті келтірген мәлімет бұған сәйкес келмейді. Олардың ақпараты бойынша сегіз адам суға кеткен, 84 адам құтқарылған. Еске сала кетсек, былтыр 171 мың мигрант Еуропаны паналау үшін Жерорта теңізін заңсыз кесіп өткен. Халықаралық көші-қон ұйымы осындай мәлімет келтіреді. Деректе үш мыңнан астам адам қауіпті сапарда суға кетіп, көз жұмғаны айтылады.