Қытайлық археологтар Цзинчжоу округінде буддалық шіркеудегі қазба жұмыстарында адам сүйегін тапты. Олар оны Будданың сүйегі деп отыр. Оны мыңдаған жыл бұрын Лунсин монастырының монахтары жинаған деген болжам жасап отыр. Бұл туралы ScienceAlert жазды, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі.
Монастырға тиесілі Манджушри храмының Юньцзян және Чжимин есімді монахтары кристалға ұқсас екі мыңнан астам жәдігер тапты. Олар Будда мен басқа да әулие адамдардың сүйегін өртегеннен кейін қалған. Монахтар оны қорапқа салып, храмдағы Гаутаманың сақталған тістері мен сүйегінің қасына көмген. Бұларды Цзинчжоу қаласында жол жөндеп жөрген адамдар жердің астынан тауып алған.
Содан кейін зерттеушілер бұл жерге қазба жұмыстарын жүргізіп, биіктігі екі метр болатын 260 мүсін тапты. Бірақ мамандар оларды Будданың сүйегімен бірге жерленді ме, жоқ па, білмейді. Бұдан басқа, ескі монахтар қорапқа сақтап, қалдырып кеткен жазбалар Гаутаманың мүддесі дегенімен, археологтар оған тиесілі екендігіне сенімді емес.
2016 жылы да қытайлық археологтар адамның бассүйегін тауып алған еді. Ол да Будданыкі болуы мүмкін. Ол сүйек алтын қобдишаның ішіне, ал алтын қобдишаның өзі күміс қобдишаға салынып сақталған еді. Ол Нанкиндегі (Қытайдың шығыс бөлігі) храмда орналасқан табыттың ішінен шыққан.
Айта кетейік, Сиддхартха Гаутаама (Будда) буддизмнің негізін қалаушы. Ол шамамен 2,5 жыл бұрын Үндістанда өмір сүрген.