Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды, деп хабарлайды sputnik.kg. Жүк құжаттары ЕАЭО-ның ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен.